«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.09.2015

ҚАЗАҚ ҮШІН ҚАСИЕТТІ МЕКЕН

Айыртау жерінде көз тартар керемет жерлер өте көп. Бұл өңірдің қазақ тарихына қосар үлесі зор. Төрелер тұқымы мекендеп, өзіне орда еткен киелі жерде Айғаным ханшаның қонысы бар. Бүгінгі күні осы қоныс өткен тарихымыздың куәсі болып, сыр шертеді.

МАҢЫЗЫ ЗОР МЕРЕКЕ

Қазақ хандығының 550 жылдығы – мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айтулы белес. Азаттық сыйлаған ата-баба ерлігі ұлт жадынан өшпесі анық. Ал өткенге көз жүгіртіп, тарихымызды тану – бүгінгі ұрпақтың парызы.

БӨГЕНБАЙ БАТЫР

Ақшаұлы Бөгенбай (1678-1775) – Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келген. Оның атасы Әлдеуік – қазақтың ханы Есімнің атақты батырларының бірі болған. Әкесі Ақша Әлдеуікұлы – заманында дұшпанына бет қаратпаған айтулы …

БӨГЕНБАЙ БАТЫР Read More »

АЛАШТЫҢ АЙБЫНЫ

“Менің бабам, күйдірген қыр аптабы, Көшіп-қонып, ұрпағы тұрақтады. Біздің тарих – бұл да бір қалың тарих, Оқулығы жұп-жұқа бірақ-тағы! Ақын Қадыр Мырза-Әлі жазып кеткен осы жырдың бір шумағы оқулығы жұтаң болғанымен, қыртысы қалың тарихымыздың терең қабаттарына ой-көзімізді салдырады. Қазақтың Ноғайлы заманының бір ұшығын қолға ұстататын, шолсаң ой жетпейтін өткеніне үңілуімізге осы тереңдіктің өзі-ақ бастау боларлықтай. …

АЛАШТЫҢ АЙБЫНЫ Read More »

ҰЛЫ ӘМІРШІ МЕН МАЙҚЫ БИ

“Жасырарым жоқтығын сенен менің, Білесің ғой сен жақсы, кемеңгерім! Шау тартқанда батқандай тұңғиыққа Болашақты болжаумен елеңдедім”.

ҚОЖАБЕРГЕН – ҰЛТ ЕРЛІГІНІҢ СИМВОЛЫ

Тәуелсіз ел болғаннан бергі уақытта ұлттық сана-сезімді жаңғыртуға, бұрынғы өткен асылдарымызды ардақтап, ұлыларымызды ұлықтауға мән бере бастадық. Осыдан 300-350 жыл бұрын өмір сүрген, сол заманда керемет ерліктерімен халық құрметіне бөленген қасиетті Солтүстік Қазақстан өңірінің тумасы Қожаберген есімінің қайта жаңғырып, еліне сіңірген еңбегінің әділ бағаланып жатқаны да қуанарлық құбылыс. Қожабергеннің ұлы тұлға болғанын, бүкіл қазақ халқына …

ҚОЖАБЕРГЕН – ҰЛТ ЕРЛІГІНІҢ СИМВОЛЫ Read More »

ШЫҢҒЫСТАН КЕНЕСАРЫҒА ДЕЙІН …

Қазақ хандарының түпатасы Шыңғыс қаған екені тарихтан белгілі. Ұлы әміршінің ғұмырын түптеп зерттеген тарихшы ғалымдардың еңбектерінде қағанның түркі тұқымдас халықтармен жақындығы айқындала түскен шындық. Шыңғыс ханның 1162 жылы туып, 1227 жылғы 16 тамызда дүниеден озғаны дәлелденген.

Тағайындау

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Мұхтар Наурызбайұлы Манкеев Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің индустрияландыру, кәсіпкерлікті дамыту және туризм мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ТӨТЕП БЕРЕМІЗ

Біздің жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұн үгумен, нан пісірумен және қара мал өсірумен айналысады. 70-ке жуық адам еңбек етеді. Кәсіпкерлікте жұмыстың табысты болатын кезі де, қиындықтарға шырмалып қалатын уақыт та болады. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” дегендей, ұжым қандай қиыншылық болсын шыдамдылық және қолдау танытты. Сол үшін мен оларға ризамын.

ТҰҒЫРНАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ СӨЗ БОЛДЫ

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының саяси кеңесі бюросының отырысы өтті. Партияның облыстық филиалының төрағасы, өңір басшысы Ерік Сұлтановтың басшылығымен өткен отырыста сайлауалды тұғырнаманың жүзеге асырылу барысы туралы облыстық мәслихат депутаттарының есептері тыңдалды.

ОРЫНДЫ ӨТІНІШ ЕСКЕРІЛЕДІ

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ерік Сұлтанов қоғамдық қабылдау өткізіп, бірқатар азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдады.

АТАҚТЫ АҚЫН АУЫЛЫНДА

Қыркүйек айында келесі жылға баспасөзге жазылу науқаны басталады. Осыған орай «Қызылжар-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Кәрібай Мұсырман Айыртау ауданындағы Дәуқара ауылының орта мектебінде жергілікті газет оқырмандарымен кездесу өткізді.

ЖҰМЫСШЫ МАМАН СҰРАНЫСҚА ИЕ

Соңғы уақыттағы әлемдік экономикалық ахуал, геосаяси дағдарыстар, шикізат ресурстарына әлемдік нарықтағы бағаның төмендеуі жаңа сынақтар мен жаңа экономикалық талаптармен беттестіріп отыр. Биылғы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы әлемдік экономикалық ахуалдан туған азаматтарымыздың көкейлеріндегі сұрақтарға нақты жауап болды. Президент алдағы жылдарды жан-жақты сараптай отырып, негізгі бағыттарды айқындап, Жаңа Экономикалық Саясатты жариялады.