ҚҰТҚАРУШЫЛАР “ЖІГІТ СҰЛТАНЫН” АНЫҚТАДЫ
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте “Жігіт сұлтаны” сайысы ұйымдастырылды. Дода барысында бар өнерлерін ортаға салған қатысушылар “Командалардың танысуы”, “Шағын көрсетілім”, “Сұрақтар додасы”, “Шығармашылық нөмір” және “Құтқарушылар сәні” атты кезеңдерде үздік атануға барын салды.