КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕ БЕРЕДІ
“Мектепке жол” акциясы ауданымыздың әр білім беру мекемесінде жүзеге асырылды. Әр елді мекенде мектепке қажетті тауарлардың жәрмеңкелері ұйымдастырылып, олар арзандатылған бағамен сатылды. Акцияға аудандағы барлық жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен шаруа қожалықтарының басшылары, жеке кәсіпкерлер, педагогтер жұмыла атсалысып, 291 оқушының мектепке баруына жағдай жасады.