«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.09.2015

ЖЫЛЫЖАЙ – ТАБЫС КӨЗІ

Талшық ауылының тұрғыны, «Бахытов» ЖК-нің жетекшісі Азамат Мұхаев “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасына қатысушы ретінде 1,5 миллион теңге несие алып, жылыжай салды. Зайыбы Зәуре Төлеубайқызы екеуі енді көкөніс егумен айналысуда. Бүгінде таза, экологиялық талапқа сай тағамдарды тұтыну – денсаулық кепілі, өмір қауіпсіздігі. Ал Мұхаевтардың тауарларында ешқандай бір улы, зиянды заттар жоқ. Таза …

ЖЫЛЫЖАЙ – ТАБЫС КӨЗІ Read More »

ҮШ ТІЛГЕ КІМ ЖЕТІК?

Петропавл қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай “Тіл – тұнық ойдың кәусары” атты байқау өткізді. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге этностардың құндылықтарын құрметтеу мақсатында өткен сайысқа үш тілді жетік меңгерген 16 мен 22 жас аралығындағы жастар қатысты. Ал олардың тілдерді меңгеру деңгейін, жазу сауаттылығын, білімдерін М.Қозыбаев …

ҮШ ТІЛГЕ КІМ ЖЕТІК? Read More »

МӘДЕНИЕТ НЫСАНДАРЫ — ИГІЛІГІМІЗ

Петропавлда қалалық мәдени-ойын-сауық орталығының ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 200 миллион теңге бөлінген. Жобалау-сметалық құжатқа сәйкес жөндеу жұмыстарын “Тамерлан ЛТД” ЖШС-і жүргізуде. Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 564 мәдениет және мұрағат ұйымы бар. 2015 жылы саланы дамытуға бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 100 және одан …

МӘДЕНИЕТ НЫСАНДАРЫ — ИГІЛІГІМІЗ Read More »

АУДАНДАҒЫ АПТАЛЫҚ

Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі аясында №2 Смирнов орта мектебінде тілдер апталығын ұйымдастыру игі дәстүрге айналған. Биыл да білім ордасының ұстаздары қазақ, орыс, ағылшын тілдерін насихаттау, жас ұрпақ бойында адамгершілік құндылықтарды дамыту және олардың отаншылдық сезімдерін қалыптастыру мақсатында түрлі байқаулар мен әдеби кештер өткізуде.

МАСТЫҚ – ӨЗІҢЕ ДЕ, ҚОҒАМҒА ДА ҚАСТЫҚ

Облыс полицейлері этил спиртінің заңсыз айналымына тосқауыл қоюдың амалдарын жүзеге асыру жолында рейдтер жүргізу жұмыстарын одан әрі жалғастыруда. 21 жасқа толмаған адамдарға ішімдіктер сатуды анықтау да осы мақсатқа кіреді. Өкінішке қарай, осы бағыттағы заңнамаларға қырын қарайтын азаматтар жоқ емес. Ондайлар осы жүргізілген рейдтердің барысында анықталды. Мысалы, “Егемен Қазақстан” көшесінің бойында орналасқан көлікжайдың иесі оны металл …

МАСТЫҚ – ӨЗІҢЕ ДЕ, ҚОҒАМҒА ДА ҚАСТЫҚ Read More »

ШАТТЫҚ ШЕРУІ

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мотошеруге қатысушылар өңірімізге табан тіреді. Оларды М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің алаңында облысымыздың бір топ азаматтары салтанатпен қарсы алды. Рухты әндер аспанға әуелеген шара барысында сөз алған Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетов:

СЕНДЕЛТКЕН “СПАЙС”

Қаланың шетіндегі наркологиялық орталыққа Жанар күн сайын келіп тұрады. Өйткені, жалғыз ұлының осы жерде емделіп жатқанына екі аптаның жүзі болды. Бірақ оны емделушілер жаққа өткізбейді, бөлімшенің есігі құлыптаулы. Әкелген заттарын беріп жібереді де, емхананың бірінші қабатындағы орындыққа отырып, демін алып, келген ізімен кері қайтады. Көзінің қарашығындай көретін жалғыз ұлды мұқтаждық көрмесе екен деп, ақшадан жүдетпеді. …

СЕНДЕЛТКЕН “СПАЙС” Read More »

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНА ҚАТЫСТЫ БЕС САУАЛ

“Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ-ның басылымдардағы “5 сауал” атты тұрақты айдары бойынша қаржы жинақтау институтының Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалының директоры Рамазан Мұқанов жауап береді. – Бүгінгі таңда қазақстандықтар зейнетақы төлемінің қандай үлгілерін қолданады?

“ГАУҺАРДЫҢ” ТОНЫ ҚАНДАЙ?!

Облыс орталығындағы “Гауһар” тігін шеберханасының қызметін пайдаланушылар қатары жылдан-жылға толыға түсуде. “Гауһар” шеберханасы 1998 жылы құрылған. Аумалы-төкпелі кезеңдегі қиындықтарға төтеп беріп, нарықта өз орнын тапқан тігін цехының даму қарқыны ерекше. Әңгіменің әлқиссасын әуелі Дәми Туғымбаевадан бастағанымыз жөн болар. Дәми Жұмағұлқызы киім пішуші болып 40 жыл еңбек еткен. Төккен тері зая кетпей, елдің құрмет-даңқына да бөленген. …

“ГАУҺАРДЫҢ” ТОНЫ ҚАНДАЙ?! Read More »

ҚАМҚОРШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНСЕ …

Бүгінгі таңда елімізде 627 мың мүгедек бар екен. Олардың арасында бала кезінен мүгедек атанғандардың да саны едәуір. Ендеше, оларды қамқоршылары – аналары күтіп-бағатыны сөзсіз. Бүгінгі таңда мүгедек баланы өсіру үшін жұмыс істемей үйде отырған осындай аналарды әлеуметтік жағынан қамту өзекті мәселеге айналған.

БЕРЕКЕЛІ “НҰР”

Мамлют ауданындағы Покровка ауылының тұрғындары Нұрмолдиндер отбасын өз кәсібінен нәсібін тауып отырған жандар ретінде құрмет тұтады. Бекболат Нұрмолдин кезінде құқық қорғау органында қызмет атқарып, кейін кәсіпкерлікке түбегейлі бетбұрыс жасаған көрінеді. Осыдан екі жылдай уақыт бұрын ауылдағы ескі сауда орнының ғимаратын сатып алып, бір бөлігіне “Нұр” дүкенін ашқан екен.

МӘДЕНИ МҰРА – РУХАНИ ҚАЗЫНА

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған “Ұлы Дала Елі” республикалық тарихи-мәдени экспедициясы басталды. Олар бір ай бойы аймақтарды аралап, сапарларын Таразда түйіндейді. Мақсат – ғылыми-танымдық іс-шаралар арқылы ұлттық және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.

ЕЛ БІРЛІГІ – ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Алматы қаласында ұлттың зиялы қауым өкілдері “Парыз” атты клуб құрғаны бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғанды. Клубтың мүшелері есімдері елімізге белгілі саясаткерлер, мәдениет пен өнер қайраткерлері, әйгілі әдебиетшілер, тарихшылар және ғалымдар. Ұйымның басты мақсаты – Қазақстан Республикасында мемлекеттік деңгейдегі идеологияны қалыптастыру, ел тұрғындарының арасында рухани келісімді нығайта отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Мәңгілік Ел” идеясын жүзеге асыруға қол …

ЕЛ БІРЛІГІ – ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ Read More »

ҚИЫНДЫҚТЫҢ БӘРІ УАҚЫТША

Тыныштық бесігінде тербелген егемен еліміз күн санап дамып, қарышты қадаммен алға басып келеді. Қазір қандай саланы алып қарасақ та, заман талабына сай ілгері басушылық байқалады. Жұмыс істеймін деген адам үшін мемлекетіміз барлық жағдайды жасап отыр. Өз ісін бастап, кәсіпкерлікпен айналысамын деген қыз-келіншектер үшін де жақсы жағдай жасалуда. Оның барлығы әйел адамның қоғам жұмысына араласып, қазан-ошақтың …

ҚИЫНДЫҚТЫҢ БӘРІ УАҚЫТША Read More »

ПРОКУРОРДЫҢ СОТҚА ҚАТЫСУЫ ҚЫСҚАРТЫЛАДЫ

“100 нақты қадам” Ұлт жоспарының екінші тарауында заңның үстемдігін қамтамасыз ету реформасы жүргізілетін бағыттар атап көрсетілген. Елбасы сот рәсімін жеңілдету және сот процесін тездету міндетін қойып отыр. Оны шешудің бір жолы прокурордың азаматтық-құқықтық даулар бойынша сотқа қатысуын қысқарту болып табылады.

ӨҢІРІМІЗДЕ АПАТТЫ МЕКТЕП ЖОҚ

Мамлюткада 300 орындық жаңа мектеп салтанатты жағдайда ашылды. Шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов қатысты. Өңір басшысы мамлюттіктерді құттықтай келіп, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында білім беру саласының дамуы басым бағыт болып отырғанын атап көрсетті.

ЖАН-ЖАҚТЫ ДАЙЫНДЫҚ

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының 2015 жылдың 10 қыркүйегіндегі мәліметі бойынша жылыту маусымына қазандықтардың дайындығы 99 пайызды құрайды. 544 бу қазандығының үшеуінде әлі жұмыс жалғасуда, олар 1 қазанға дейін дайын болмақ. Бюджеттік мекемелерге 182 мың тонна көмір жеткізілген. 1148 көпқабатты тұрғын үйдің 1055-інде (92 пайыз) жылыту жүйелері шайылып, тазартылды.

ЕСІЛДІК ЕГІНШІЛЕРДІҢ ЕКПІНДІ ЕҢБЕГІ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов өткен демалыс күндерінде жұмыс сапарымен Есіл ауданында болды. Өңір басшысы жергілікті агроқұрылымдарды аралап, күзгі орақ науқанының барысымен танысты. Биыл жергілікті егіншілер 186 мың гектар алқапқа ырыс дәнін сіңірген, соның 20 мың гектары аудандағы “Атамекен-Агро-Есіл” серіктестігіне тиесілі. Бүгінгі күнге дейін іргелі шаруашылық – алтын дәннің тең жартысын қамбаға құйып үлгеріпті. Облыс әкіміне …

ЕСІЛДІК ЕГІНШІЛЕРДІҢ ЕКПІНДІ ЕҢБЕГІ Read More »