«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 24.09.2015

ТҮНДЕ ЖОРТҚАН ЖАСӨСПІРІМДЕР

17 қыркүйектен бастап облыстың әкімшілік полицейлері “Түнгі қаладағы балалар” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде. Оның мақсаты – кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстардың жолын кесу. Осындай жедел жұмыстың нәтижесінде іс-шара басталған күннен былай 216 жасөспірім қолға түсті. Солардың 102-сі – әкімшілік құқық бұзғандар. Аумақтық ішкі істер органдарының қызметкерлері шара барысында 70 жасөспірімді және 59 қолайсыз отбасын анықтап, …

ТҮНДЕ ЖОРТҚАН ЖАСӨСПІРІМДЕР Read More »

ҚАШҚЫН ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Жақында Петропавлдың Тельман және Батыр Баян көшелерінің қиылысында 56 жастағы әйелді көлік соғып кеткен. Жүргізуші жарақат алған әйелді үйіне жеткізіп тастап, тайып отырыпты. Ал содан кейін зардап шегушінің жағдайы нашарлап, ауруханаға түскен. Жедел із кесудің нәтижесінде оны соғып, жасырынған 33 жастағы жүргізуші ұсталды. Ол Қызылжар ауданының тұрғыны болып шықты. Жыл басынан бері жаяу жүргіншілерді соғып …

ҚАШҚЫН ҚҰРЫҚТАЛДЫ Read More »

АЙБЕК АЯНБАДЫ

Астана қаласындағы “Дәулет” спорт кешенінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы Бас қолбасшысының кубогы үшін күш-қуат құрылымдары командалары арасында қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнир өтті.

ӨРТСӨНДІРУШІЛЕР ДЕ ЫНТАЛЫ

Қазақстан халқы тiлдерiнiң ХVII облыстық фестивалiнiң аясында өртсөндірушілер арасында семинар болды. Шарада “Өрт сөндiру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметi” мекемесi басшысының орынбасары Серiк Дүйсембеков қызметкерлерді облыстық фестивальдың ашылуымен құттықтап, мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Тіл үйренушілердің қазақ тілін меңгеру барысындағы “ҚАЗТЕСТ” жүйесінің маңызы мен атқаратын рөлі, құрылу тарихы, қазіргі жай-күйі, сондай-ақ, даму …

ӨРТСӨНДІРУШІЛЕР ДЕ ЫНТАЛЫ Read More »

ҚЫМБАТ ҚАЗЫНА

Отбасы күні мерекесі аясында кеше Қазақстан халқы облыстық ассамблеясында семинар болып өтті. Облыстық жастар бастамалары орталығы мұрындық болған іс-шара “Менің отбасым және отбасылық құндылықтар” тақырыбында өрбіді. Петропавл қаласындағы колледж студенттерінің қатысуымен өткен шара барысында отбасы институтын нығайтып, мәртебесін жоғарылатып, ата-анаға құрметпен қарап, қошемет көрсету әрбір азаматтың борышы екені тілге тиек етілді.

АҚИҚАТ АЙТЫЛҒАН ЖЕРДЕ ӨЗІҢДІ АДАМ СЕЗІНЕСІҢ

Таяуда үш сағатқа жуық болған бір жиыннан шаршап шықтым. Үш сағатта есте қалатын үш ауыз сөз айтылмады. Салық Зиманов есіме түсті. Бұл кісі қай жерде сөйлейді, кездесу өткізеді десе, күйіп тұрған шаруаның өзін кейінге ысырып тастап баратын едім. Өйткені, оның аузынан шыққан сөз дуалы, айтылған дерек, дәйек құнды. Ондай жиынға бармай қалуды өмірбойғы өкінішке балауға …

АҚИҚАТ АЙТЫЛҒАН ЖЕРДЕ ӨЗІҢДІ АДАМ СЕЗІНЕСІҢ Read More »

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ЖАУАПТЫ СЫН

Облыс орталығында республикалық «Қауіпсіз мектеп» акциясы аясында «Профилактикалық олимп» байқауы өтті. Байқауға 15 ұстаз қатысып, олар алдымен «Тәуекел тобындағы жастармен жұмыс істеу шараларының кешенді жоспары» моделін таныстырды. Ал екінші тапсырмаға сәйкес тәрбие сағаттарын өткізді. Осылайша, өңіріміздің білім беру мекемелерінің психологтері жасөспірімдер тәрбиесіндегі кейбір түйінді мәселелерді шешу үшін өз тәжірибелерімен бөлісті. “Ұрпақ тәрбиесіне ең алдымен ұстаздар …

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ЖАУАПТЫ СЫН Read More »

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ — ЖЕМҚОРЛЫҚ

Бүгінгі оқушы – ертеңгі қызметкер. Сондықтан облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары қара басын күйттейтін әрі қызметін асыра пайдаланатын азаматтардан қоғамның таза болуы үшін өңіріміздің жоғары сынып оқушыларына сынып сағаттарын өткізуде.

ЖАҢАШЫЛДЫҚ – ЖОЛЫМЫЗ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында білім саласына да жаңашылдықтарды енгізу заман талабы екенін баса айтты. Мемлекет басшысы болашақ кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру талабын қойып отыр. Сонымен қатар, “Тілдің үштұғырлылығы” жобасы аясында қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген жастарды тәрбиелеу …

ЖАҢАШЫЛДЫҚ – ЖОЛЫМЫЗ Read More »

ШӘКІРТ ТАЛАБЫН ҰШТАҒАН

Әрбір адам ұстаздың өнегесін, тәлім-тәрбиесін бойына сіңіріп өседі. Ұстазға қарап бой да, ой да түзейді. Мектеп табалдырығын тұңғыш аттап, тал шыбықтай иілген әр бүлдіршінді жылы шыраймен күлімсіреп қарсы алатын, қолынан жетектеп, басынан сипап, оңы мен солын танытатын ұстаз алдын көрмеген жан жоқ десем, артық айтқандық емес шығар, сірә?! Өзгенің баласын өз баласындай мәпелеп, алтын уақытын …

ШӘКІРТ ТАЛАБЫН ҰШТАҒАН Read More »

ҰЛТТЫ ТАНЫТУДЫҢ ТЕТІГІ

“Тіл дегеніміз – қай халықтың болсын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсігүнгі де тағдыры”, – деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы бойынша Айыртау ауданындағы Имантау орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып орналасқан Досжан Нұрсейітов қазақты танытуды тілден бастағанды жөн көрген.

ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ МҰҒАЛІМ ТАПШЫ ЕМЕС

Ыбырай Алтынсариннің “Мұғалім – мектептің жүрегі” деген ұлағатты сөзі жадымыздан шыққан жоқ. Керісінше, қазақтан шыққан алғашқы мұғалімнің осыдан ұзақ жыл бұрын дөп басып айтқан даналығына қайран қаламыз. Бүгінгідей дамыған заманда қабілетті, дарынды, жан-жақты шәкірт тәрбиелеудің жауапкершілігін арқалаған ұстаздар, шынымен де, мектептің жүрегі, күретамыры. Сондықтан ата-аналар баласының заман үдесінен көрінген тәлімгерден білім алуын қалайды. Әсіресе, мектеп …

ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ МҰҒАЛІМ ТАПШЫ ЕМЕС Read More »

ЖАҢА БАЛАБАҚШАЛАР САЛЫНУДА

Бүгінгі күні біздің облысымызда мектепке дейінгі білім беретін 560 мекеме бар, оларда 23 мыңнан астам бүлдіршін тәлім-тәрбие алып жүр. Биыл 400-ден артық кішкентай балғындарға балабақшадан жаңа орын берілген. Жалпы облыс бойынша соңғы төрт жылда “Балапан” бағдарламасы бойынша 10 мыңнан аса бүлдіршін балабақшамен қамтылған. Соған қарамастан, әлі де болса кезекте тұрғандар аз емес.

ТИІМДІ ТӘСІЛДЕР

Бүгінгі білім беру жүйесінің басты талабы – өз әрекетін нақты жоспарлай білетін, ой-пікірін жүйелей және дамыта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Дайын білімді игеру оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу дағдысын, сабақ барысында белсенділіктерін жетілдіруге кедергі келтіреді. Сондықтан осы мәселені шешуде оқытудың диалогтік тәсілін қолдану тиімді. Диалогтік оқыту тәсілі арқылы оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге, достық көмек көрсетуге, нақты …

ТИІМДІ ТӘСІЛДЕР Read More »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ШЕТЕЛДЕ ОҚУҒА НЕГЕ ҚҰШТАР?

Ғаламтордағы дереккөздеріне сүйенсек, қазақстандықтардың көпшілігі Қытай, АҚШ, Шығыс Азия, Ресей, Түркия, Германия, Малайзия, тағы басқа мемлекеттерде білім нәрімен сусындауда. Соның ішінде отандастарымыздың 58 пайызы “алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалағанды” жөн санап, теріскейдегі көршіміздің жоғары оқу орындарына табан тірейтін көрінеді. Оның сырын зерттеп көргенімізде Ресейдің білім ошақтарында бірқатар басымдықтардың шынымен де бар екендігіне көзіміз жетті.

ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Облыстық ішкі істер департаменті тәртіп сақшыларының балалары үшін түрлі шаралар өткізуді игі дәстүрге айналдырған. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және тілдер күніне орай құқық қорғау органы ұйымдастырған “Менің отбасым” тақырыбындағы шығармалар байқауының жеңімпаздары анықталды. 7-9 жас аралығындағы балалар арасынан әл-Фараби мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы Гауһар Маратова жеңіске жетті. Асхат Әмренов пен Динара Қайырбекованың отбасында Гауһардан басқа, …

ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ Read More »

ЕКІ ҰРПАҚТЫҢ КЕЗДЕСУІ

Облыстық жастар бастамалары орталығының ұйымдастыруымен өңіріміздің еңбек ардагерлері М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің және колледждердің студенттерімен кездесті. Орталық жетекшісі Нұрсаят Сәркеннің айтуынша, өмірлік тәжірибеге бай аға буын өкілдері жастарға әр кез қамқоршы. “Екі ұрпақ өкілдерінің өмір құндылықтары, отаншылдық, еңбекқорлық секілді тақырыптарда әңгіме өрбітуі орынды”, – дейді ұйымдастырушылар.

БІЛІМ НҰРЫН ШАШҚАН ҚАРАШАҢЫРАҚ

Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты республика, өлке жұртшылығына етене таныс. Шәкірттерге саялы білім ордасы болған, ұстаздарына еңбек даңқын әкелген осы қасиетті қарашаңырақтың іргесі қаланғанына 80 жылдай уақыт зыр етіп өте шығыпты-ау… Алдымдағы аға-апам, менен кейінгі іні-сіңлілерімді әкем осы интернатта оқытты. Үйде қалған мен әкеме: “Мен де қалада оқимын”, – деп талай әлек салғаныммен, …

БІЛІМ НҰРЫН ШАШҚАН ҚАРАШАҢЫРАҚ Read More »

ҰСТАЗЫМ – МАҒАН ҮЛГІ

Менің ұстазым – тарих және география пәндерінің мұғалімі Ұлан Закирьянов Айыртау ауданындағы Шүкірлік негізгі мектебінде жиырма жылдан астам еңбек етіп келеді. Білім мен тәрбие қатар жүретіні белгілі. Онсыз шәкіртті тұлға ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Осы орайда өз сабағында жаңа оқыту әдістерін қолданып, терең білім беруге тырысатын Ұлан Кәкімұлы оқушыларына терминдер мен хронология, карта мен глобусты …

ҰСТАЗЫМ – МАҒАН ҮЛГІ Read More »

Деген екен …

(Басы өткен сандарда). 1987 жылы анасы Бәтима қатты ауырып, Баянғали амалсыз Алматыдан ауылға көшетiн болыпты. Анасына қарау керек, ертең бiр жағдай болып кетсе, жалғыз қалған әкенiң халi не болмақ? Астанадан аттанарда барлық ақын, жазушы ағалары, жолдастары жылы сөздерiн айтып, қимай-қимай шығарып салыпты. Өзi қызмет iстейтiн “Жұлдыз” журналының ұжымы жақсы тiлектерiн бiлдiрiп, естелiк сыйлапты. Жолдастарының атынан …

Деген екен … Read More »