«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 24.09.2015

АЙСҰЛУДЫҢ АЛҒЫСЫ

Мүмкіндігі шектеулі Айсұлу Есманованың кәсіпкерлігіне қолдау көрсетілді. Бұл жолы қайырымдылық ілтипат танытқан – “Түгімбаев Н.Ж.” жеке кәсіпкерлігі. Айсұлу Есманова – есту қабілеті төмен 3-ші топтағы мүгедек. Үй жағдайында тігіншілікпен айналысып отырған жанның отбасылық табысы сол. Қолы шебер тігінші қазақтың ұлттық киімдері мен басқа да тапсырыстарды жеңіл орындайды. “Даму-көмек” бағдарламасының бағыт-бағдарын естіген ол жобаны ұйымдастырып отырған …

АЙСҰЛУДЫҢ АЛҒЫСЫ Read More »

“ЖЕТІСУ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ӘКЕСІ”

Еліміздің дамуының тарихи кезеңдерінде, Қазақ даласында хандық билік жойылып, дуандар құрылғаннан былай орыс империясы билікті, басқару тізгінін генерал-губернаторлардың қолдарына ұстатқаны белгілі. Қазақ жерінде құрылған осы басқару жүйесін қолға алғандардың арасында тұрғылықты аймақты айбарымен қорқытып-үркітіп, ел ішіндегі беделді адамдарды біріне-бірін айдап салып, рулардың арасына жік кіргізіп, Абай: “Бірде оны жарылқап, бірде мұны, қуды ұнатты-ау, Семейдің бұл …

“ЖЕТІСУ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ӘКЕСІ” Read More »

ЖИҺАДТЫҢ МАҒЫНАСЫН БҰРМАЛАМАЙЫҚ

Бүгінде блогыма елімізді ғана емес, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Сирия мен Ирак жеріндегі содырлар туралы көптеген сұрақтар келіп түсіп жатыр. Сол сұрақтардың басым көпшілігі “жиһад” жасаймыз деп аттанып жүрген жастар жөнінде. Сирия мен Ирактағы содырлардың жасап жүргендері “жиһад” емес. Олар мұсылмандармен соғысуда. Оның ішінде бейбіт халықтың қанын төгуде. Олардың көксегені “мұсылманның қанын төгу” деп атасақ …

ЖИҺАДТЫҢ МАҒЫНАСЫН БҰРМАЛАМАЙЫҚ Read More »

МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

Мұсылман жұртшылығының асыға күткен қасиетті мерекесі – Құрбан айт биыл 24 қыркүйек күні басталады. Құрбан араб тілінде “жақындау” дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – “шарттарымен санаса отырып, құлшылық ниетімен құрбан шалу”. Құрбандық шалудың мәнісінің кеңдігін ұғыну үшін діннің не екенін, құлшылықтың не үшін жасалатынын …

МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ Read More »

КЁЧЁ

Әр халық өзінің ата-бабасынан қалған бар жақсыны сақтап, оны әрі қарай дамытуға тырысады. Оның ішіне ұлттық тағамдарының дайындалу тәсілдері де кіреді. Осыған орай бүгін сіздерге Қазақстанда тұратын қырғыз халқының ұлттық тағамдарының ерекшеліктері туралы айтқым келіп отыр.

ПАНА ТАПТЫ ТӘЖІКТЕР

Бүгінгі күні біздің елімізде атамекендерін еріксіз тастап келген ұлыстар саны әжептәуір. Солардың бірі – тәжіктер. Ағалы-інілі Хусейн мен Сабыржан Амиршоевтар осыдан жиырма жыл бұрын ата-бабаларының кіндік қаны тамған туған жерінен Қазақстанға пана іздеп келді. Сол жылдары Тәжікстандағы қақтығыстардан қаншама халық үдере көшуге мәжбүр болған еді. Олардың таңдауы қазақ еліне бекерден-бекер түскен жоқ. Енді ғана тәуелсіздік …

ПАНА ТАПТЫ ТӘЖІКТЕР Read More »

КӘСІБІНІҢ БІЛГІРІ, АУЫЛЫНЫҢ ЖАНАШЫРЫ

Ащыкөл ауылының тұрғыны Иван Гоцак – өзін елге тек жақсы қырынан таныта білген жан. Ол әке жолын қуып, ширек ғасырға жуық егіншілік кәсіппен айналысып келеді. Осыдан 24 жыл бұрын оның әкесі Иван Гоцак “Совхозный” атты шаруашылықта директордың орынбасары қызметін атқарып жүріп, өз кәсібін ашуға бел буған екен. Қиындықтан қорықпаған Иван Иванович ашқан шаруашылық Солтүстік Қазақстан …

КӘСІБІНІҢ БІЛГІРІ, АУЫЛЫНЫҢ ЖАНАШЫРЫ Read More »

ЖҮРЕГІМІЗДЕ САЙРАП ТҰРУЫ КЕРЕК

70-80-ші жылдары қазақ әндерін нақышына келтіре орындаумен халықты тәнті еткен “Үш Татьяна” – Татьяна Бурмистрова, Татьяна Полтавская және Татьяна Мартыненко болатын. Қазақ сахнасында өнерлерімен танымал болған орыс ұлтының үш қызынан құрылған трионы аға буын өкілдері жақсы біледі. Қазақ тілінде ән шырқап, домбыра тартқан оларды жұртшылық сүйіп тыңдады. Себебі, олар қазақша ән салып қана қоймай, осы …

ЖҮРЕГІМІЗДЕ САЙРАП ТҰРУЫ КЕРЕК Read More »

ОН ҮШ МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛЕДІ

Аққайың ауданындағы Астраханка ауылында жаңа жылыту қазандығы іске қосылды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев қатысты. “Сапронат” ЖШС-нің “Ұзақ жанатын пиролизді қазандықтар өндірісі” жобасы бойынша индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында Астраханка орта мектебінде іске қосылған 400 киловаттық қазандықтың сыйымдылығы – 800 килограмм. Ал мектептің жалпы аумағы – 3 мың шаршы метр. Бұған дейін ғимаратты жылыту үшін …

ОН ҮШ МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛЕДІ Read More »

СҰРАНЫСҚА САЙ ӨНІМ ШЫҒАРАМЫЗ

Біздің “Полимерлік композиттер зауыты” ЖШС “Сапро-НАТ” серіктестігінің еншіліс кәсіпорны ретінде үстіміздегі жылғы сәуір айында құрылды. Алғашында шағын цехқа екішнекті экструдер, дозаторлар, салқындату ваннасы, түйіршіктегіш, түйіршіктерді жинақтаушы-сыйымдылық, пневмоартқыш, жылдамдықты қоспалауыш сияқты қондырғылар орнаттық. Сөйтіп, сол желі арқылы түйіршікті композициялық материал әзірледік. Дайындалған өнім Омбы, Тольятти, Москва қалаларында зертханалық сынақтан өтіп, сертификатталды. Шикізатқа мұнай қалдықтары пайдаланылады. Ол …

СҰРАНЫСҚА САЙ ӨНІМ ШЫҒАРАМЫЗ Read More »

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫ

Қазақстан Республикасының Президенті 2014 жылғы 17 қаңтардағы “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Жолдауында “Самұрық-Қазына” қорымен бірлесіп, мемлекеттің қатысы бар барлық компанияларға талдау жүргізіп, жеке секторға берілетін кәсіпорындар тізімін анықтауды Үкіметке тапсырған болатын.

САХНАДА – ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ

Облыстық ішкі істер департаменті Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай қалалық Мәдениет үйінде галаконцерт ұйымдастырды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова және өңіріміздегі этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері, полиция ардагерлері қатысты.

ЖҰҚАЛАП АЙТҚАНДА, “сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жағдай туғызған” үш қызметкер өз лауазымдарымен қоштасатын болады

Дүйсенбі күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Әділбек Мұқашевтің төрағалығымен Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы болып, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге ұрынған үш қызметкерді жұмыстарынан босату туралы ұсыныстар қабылданды.

ІРІ ПАНЕЛЬДІ ҚАБЫРҒАЛАР ШЫҒАРАДЫ

Өңіріміздің іргелі кәсіпорындарының бірі – “Единство” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығына жоспарлаған жобасын қолға алып, ірі панельді құрастырмалы темір-бетон шығаратын үшінші желіні іске қосты. Бұл – өңіріміздің құрылыс саласы үшін елеулі жаңалық.

ІРГЕЛІ КӘСІПОРЫН ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

“Петропавл арақ зауыты БН” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тамыз айының аяғында өз жұмысын бастады. Жаңғыртудан өткен зауыттың басшылығы енді жылына 1 миллион гекалитр өнім шығарып, бюджетке 2 млрд. теңгеге дейін акциздік салық аударуды жоспарлап отыр. Аталмыш кәсіпорынға барған облыс әкімі Ерік Сұлтановқа “Петропавл арақ зауыты БН” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Тахир Гусейнов ағымдағы жұмыс барысын баяндап, …

ІРГЕЛІ КӘСІПОРЫН ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ Read More »

ДИҚАНДАР ҚИМЫЛЫ ШИРАҚ

23 қыркүйектегі жедел ақпарат бойынша 3210 мың гектар егін алқабының 1989,7 мың гектары орылды. Бұл дәнді дақылдардың жалпы алаңының 62 пайызын құрайды. 1864,4 мың гектар алқаптың астығы немесе 51,8 пайызы жиналды. Бастырылғаны – 2788,8 мың тонна. Орташа өнімділік гектар басы 15 центнерден айналуда.  Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мерекелік құттықтаулар

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Қасиетті Құрбан айт мейрамы құтты болсын! Бағзы ғасырлардан бері бұл жарқын мереке ізгілік пен мейірімділіктің биік мұраттарын бейнелеп, бірлігімізді нығайтып келеді, рухани татулық пен үйлесімге ықпал жасайды.

ҚОРҒАНДЫҚТАР ӘРІПТЕСТІК КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТПЕК

Бұрнағы күні өңірімізге Ресейдің Қорған қаласынан іскерлік делегация келді. Қорғандық әріптестерімен кездескен Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетов өзара ынтымақтастықты әрі қарай дамыту жөнінде келелі әңгіме қозғады. Осы орайда қорғандық делегацияның көздеген мақсаты Қорған – Петропавл шекаралық ынтымақтастығы аясында агломерация құру екені белгілі болды.

ЖҰМЫСТЫ ШИРАТА ТҮСКЕН ЖӨН

Облыстық әкімдіктің кеше өткізілген кезекті отырысында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы және Жамбыл ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде атқарылып жатқан істер туралы мәселелер қаралды.