«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.09.2015

ШЕБЕРЛІК ШЫҢДАЛҒАН ДОДА

АҚШ-тың Ричмонд қаласында тас-жолдағы веложарыстан әлем біріншілігі өтті. Бәсі биік додада әлемнің үздік шабандоздары 12 медальды сарапқа салды.   Бұл әлем чемпионатында “Astana pro team” континенталдық велокоманданың мүшелері, солтүстікқазақстандық спортшылар Алексей Луценко, Арман Қамышев және Руслан Тілеубаев, сондай-ақ, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров атындағы “Vino 4-Ever” велокомандасының спортшылары Жандос Бижігітов, Александр Шушемоин, Степан Астафьев, Евгений Гидич …

ШЕБЕРЛІК ШЫҢДАЛҒАН ДОДА Read More »

ОТБАСЫЛАР САЙЫСТЫ

Петропавлда “Әкем, анам және мен” атты облыстық отбасылар сайысы өтті. Жарысқа өңіріміздің Есіл, Қызылжар және Мағжан Жұмабаев аудандарынан келген отбасылар мен облыс орталығының атынан шыққан екі отбасы қатысты. Сайыс жеңімпазы атағы Есіл ауданының Позолотиндер отбасына бұйырды. Жүлделі 2-орынды жергілікті балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің құрамасы иеленсе, үздік үштікті петропавлдық Қабдулиндер отбасысы тұйықтады. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік …

ОТБАСЫЛАР САЙЫСТЫ Read More »

МАУТИНГБАЙКШІЛЕР МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Петропавл қаласында велоспорттан полиция полковнигі, КСРО-ның спорт шебері Владимир Мезевті еске алуға арналған маутингбайктен облыс біріншілігі басталды. Аталмыш шараға 70 жасөспірім қатысуда.   Екі жас тобында сайысқан спортшылар маутингбайктің “ХСЕ” және “ХСО” кезеңдерінде үздік атануға тырысып бақты. Атап айтқанда, 2002 жылы туғандар мен олардан үлкен балалар арасында – Никита Коняев пен Владимир Мулагалеев, ал 2001 …

МАУТИНГБАЙКШІЛЕР МӘРЕГЕ ЖЕТТІ Read More »

ЖАЙНАДЫ ГҮЛДЕР

“Сұлулық жерден өніп, көктен жауады” деген нақыл тегін айтылмаса керекті. Оған мектебімізде өткен “Ғажайып гүлдер” атты көрме барысында тағы бір мәрте көз жеткіздік. Аталмыш шара оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке баулу мақсатында ұйымдастырылып, оған мектептің барлық оқушылары мен ата-аналары белсене атсалысты. Мектептің кіреберісінен бастап, дәліз бойы көздің жауын алатын алуан түрлі гүлдермен көмкерілді.

АҚЫЛ-ОЙДЫҢ ЖЫЛЫСТАУЫ

Жыл сайын Қазақстаннан 25-30 мыңнан астам адам шетелдерге кетеді. Олардың көбі – өндіріп жұмыс істеуге қабілетті 25 пен 45-тің арасындағы мамандар. 2010 жылғы статистикалық деректе 2 мыңға жуық архитектор-құрылысшы, 1854 медицина маманы, 4 мыңдай педагог, 5 мыңдай экономист, 1300 заңгер, 10 мыңнан астам техникалық сала мамандары алыс-жақын елдерге қоныс аударыпты. Біздің жастар көбіне Германия, Чехия, …

АҚЫЛ-ОЙДЫҢ ЖЫЛЫСТАУЫ Read More »

ДОСТЫҚ ДӘРІПТЕЛГЕН КҮН

Қазақстан Халқының тілдері күніне орай Заречный кентіндегі «Көктем» балалар мен жасөспірімдер орталығында “ЕС-164/3″ мекемесінің жеке құрамы арасында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты дәстүрлі шара өтті. Байқауға үш құрама команда қатысып, татар, өзбек, украин халықтарының тарихын, салт-дәстүрін, өнері мен киім үлгілерін насихаттады.

ҚАТАРҒА ҚОСЫЛҒАН ЖАС ДӘРІГЕРЛЕР

Дәрігерлердің жетіспеушілігі облысымызда ғана емес, елімізде де шешімін таппай келе жатқан күрделі мәселе десек те, бұл ретте тындырылып жатқан істер баршылық. Соның нәтижесінде биыл өңірімізге 47 жас маман келіп, қызметтеріне кірісіп кетті. Олардың барлығы – еліміздегі медициналық университеттердің түлектері, он алтысы еңбек жолын ауылда бастағалы отыр. Жас дәрігерлерге көтермеақы беріліп, баспана мәселесі де шешімін тапты. …

ҚАТАРҒА ҚОСЫЛҒАН ЖАС ДӘРІГЕРЛЕР Read More »

САХНАДА — “БЕЙБАРЫС СҰЛТАН”

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында 129-шы маусымның шымылдығы ашылды. Бұл жолы театр сахнагерлері көрермендерге Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай дарынды жазушы-драматург Рақымжан Отарбаевтың “Бейбарыс сұлтан” атты тарихи драмасы бойынша сахналанған қойылымды тарту етті.

ҚОЯН ДА – ҚҰТ

Мамлют ауданындағы Белое ауылының тұрғыны Дмитрий Бирюков үй қоянын өсіруді қолға алып, содан пайда көруді мақсат етіп отыр. Бүгінгі беталысы кәсіпкерліктің тетігін тапсам дегендерге үлгі боларлықтай.Ағайынды Игорь мен Дмитрий Бирюковтар 1997 жылы Торғай облысы тараған кезде Жаңадала ауданынан осында қоныс аударыпты. Ағасының қосалқы шаруашылығына көмектесіп, ауылдағы әртүрлі жұмыстарға араласқан Дмитрий жас кезіндегі машығын ұмыта қоймаған …

ҚОЯН ДА – ҚҰТ Read More »

УӘЛИХАНОВТЫҚ ДЕПУТАТТАР УӘДЕЛЕРІНЕ БЕРІК

Уәлиханов аудандық мәслихатының бесінші шақырылымында сайланған депутаттар демократия талаптарын қатаң сақтай отырып, өз қызметтерін заң аясында жүзеге асырып келеді. Олар “Нұр Отан” партиясының мүшелері ретінде түрлі қоғамдық-саяси шараларға бастамашы болуды игі дәстүрге айналдырған. Сөз арасында бүгінгі депутаттық құрам тынымсыз ізденісімен, іскерлігімен, нақты ұстанымымен ерекшеленетінін баса айтқым келеді. Араларында қайта сайланған, жоғары білімді, білікті мамандар аз …

УӘЛИХАНОВТЫҚ ДЕПУТАТТАР УӘДЕЛЕРІНЕ БЕРІК Read More »

ӘЙЕЛДЕР ТЕҢДІГІ БОЙЫНША ЕЛІМІЗ 43-ОРЫНДА

Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова Санкт-Петербург қаласында өткен Еуразиялық әйелдер форумына қатысты. Әлемнің 77 елінен 700-ден астам делегат келген салиқалы форум ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық ассамблея кеңесінің шешімімен ұйымдастырылды.

ҚЫРДАҒЫ ҚАРҚЫН ЕРЕКШЕ

28 қыркүйектегі жедел мәліметтер бойынша 3210 мың гектар бидайдың 2525,2 мыңы жиналды. Бұл – егін алқабының 78,7 пайызы. Бастырылған астық – 2381,4 мың гектар немесе 74,2 пайыз. Әзірше гектар берекелігі орта есеппен алғанда 15,3 центнерден айналуда. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.  

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БҰҰ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Елбасы БҰҰ-ның 2015 жылдан кейінгі даму кезеңіне арналған күн тәртібін қабылдау жөніндегі саммитке қатысты. Саммит барысында 2015 жылға дейінгі дамудың негізгі мақсаттары мен міндеттері көрсетілген Мыңжылдық декларациясын орындау жөніндегі шаралар нәтижесі талқыланды. Сондай-ақ, шараға қатысушылар 2015 жылдан кейінгі кезеңге арналған даму саласының күн тәртібін қабылдады.

ЕСІМІ ЕЛДІҢ ЕСІНДЕ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы қарсаңында ішкі істер департаментінің ғимаратында милиция генерал-майоры Михаил Барановқа қойылған мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына қатысты. Шараға Михаил Ивановичтің ұлы Александр Баранов, “Генералдар кеңесі” республикалық қоғамдық бірлестігі төралқасының төрағасы Рүстем Қайдаров және ішкі істер органдарының бір топ ардагерлері жиналды.