МЕШІТТІҢ МЕЙІР-ШАПАҒАТЫ
Қайырымды жандардың көмегіне мұқтаж асырауында балалары бар мүгедек аналардың “Асыл ана” қоғамына облыстық “Қызылжар” орталық мешіті әрдайым көмек беріп, жанашырлық танытады. Жылына бірнеше мәрте Алла үйінде біздің аналарға дастарқан жайылады. Мешіт имамдары өзімізге, балаларымызға сабырлылық, сыйластық, адамгершілік қасиеттер жайлы уағыз айтып, дастарқан басында емен-жарқын әңгімелеседі. Біздің қоғамдық бірлестікке бірнеше этнос өкілдерінің жарымжан аналары мүше. Олар …