«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.10.2015

САБАНДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТТЫ

“Агро-Север” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Шал ақын ауданындағы белді агроқұрылымдардың бірі. Мал шаруашылығымен қатар егіншілікті қарқынды дамытуды мақсат еткен серіктестік Повозочное ауылының 125 тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Шаруашылық әкімшілігі жылт еткен жаңалыққа елең етіп, жаңашылдық танытуда.

ТАРИФТІ КӨТЕРУГЕ ӨТІНІШ БІЛДІРДІ

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департамент кезекті баспасөз турына қатысушыларды өңір аумағына энергия қуатын тарататын “Солтүстік Қазақстан электр желі тарату компаниясы” АҚ-ның нысандарына апарды. Компания облыс орталығы мен сегіз ауданға қызмет көрсетеді.

ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУМЫСЫҢ?

Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ортада жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, ұрпағы үшін жасаған игі істері болашақта да ұмытылмауы тиіс. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Қарттар күні мерекесінде бірқатар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып құттықтап, сый-сияпатын тапсырды.

РЕЗЕҢКЕ ДӨҢГЕЛЕКТЕРДІ ҚАЙДА ӨТКІЗУ КЕРЕК?

Газетіміздің үстіміздегі жылғы 8 қыркүйек күнгі санында “Қалдықты қажетке жаратып…” деген тақырыпта мақала жарияланған болатын. Онда пайдалану мерзімі өтіп, жарамсыз болып қалған машина дөңгелектерінен резеңке жамылғылар шығарумен айналысатын “Soltustik Rubber Recycling” ЖШС-нің жұмысы жайлы жазылған еді. Осы жаңалыққа оқырмандарымыз ерекше қызығушылық танытуда. Олар ескі резеңке дөңгелектерді қайда өткізуге болатынын және серіктестік оған ақы төлей ме …

РЕЗЕҢКЕ ДӨҢГЕЛЕКТЕРДІ ҚАЙДА ӨТКІЗУ КЕРЕК? Read More »

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ

2016 жылдан бастап білімі мен біліктілік санаты жоғары мұғалімдер-дің жалақысы 66 пайызға өседі. Бұл жөнінде “Үздік мұғалім” республи-калық байқауының жеңімпаздарын марапаттау кезінде Қазақстан Рес-публикасының Білім және ғылым ми-нистрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Мерекелік құттықтау

Құрметті ұстаздар, білім саласының қызметкерлері мен педагогикалық еңбек ардагерлері! Сіздерді кәсіптік мереке – Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Педагог мамандығы әрдайым қоғамымызда ерекше құрметке ие.

ДИҚАНДАР ҚИМЫЛЫ ШИРАҚ

1 қазандағы жедел мәліметтер бойынша 3210 мың гектар дәнді дақылдардың 2777,5 мың гектары орылды. Бұл егін алқабының 86,5 пайызын құрайды. Бастырылған астық – 2665,8 мың гектар немесе 83,0 пайыз. Жиналған астық 4230,4 мың тоннаны құраса, орташа гектар берекелілігі – 15,9 центнер.   Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

“ДАЙЫНДЫҚТА” ШЫҒЫМДЫЛЫҚ — 27 ЦЕНТНЕР

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен Аққайың ауданында болып, “Дайындық” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егін алқаптарын аралады. Қазір астық молшылығы жолындағы қызу еңбек тәулік бойы бір толастамайды. Бүгінге дейін барлық егіннің 75 пайызы жиналған. Диқандар ауа райы оң қабақ танытса, 3-4 күнде орақ науқанын толық аяқтап шықпақ.