«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.10.2015

АУЫР АТЛЕТТЕР ЖЕҢІСІ

Байқоңыр қаласында классикалық пауэрлифтинг пен зіл темірді жатып көтеруден Қазақстан біріншілігі аяқталды. Сайыста еліміздің ең мықты деген 180-нен астам спортшысы бақ сынады.

ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Семей қаласында Болат Тұрлыхановтың құрметіне арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир өтті. Спорттық шараға 200-ге жуық спортшы қатысты. Оның ішінде Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Украина, Беларусь, Оңтүстік Корея мен Иран мемлекеттерінің балуандары бар.

КӘРІ ДЕ, ЖАС ТА ЖҮГІРДІ

Петропавлда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған күзгі кросс өтті. Шараға мектеп оқушылары мен мұғалімдер және өңіріміздің спорт саласының ардагерлері қатысты. Жалпы саны 600-ден асқан желаяқтар ашық аспан астында түрлі қашықтықтарды бағындырды. Алдымен он сегіз бен алпыс жас аралығындағы адамдар 1000 және 500 метр қашықтықта бақтарын сынады. Осыдан соң мектеп жасындағы балалар сынға түсті. Соңғы кезеңде …

КӘРІ ДЕ, ЖАС ТА ЖҮГІРДІ Read More »

БОУЛИНГШІЛЕР БӘСЕКЕСІ

Облыс орталығында үздік боулинг ойыншысы анықталды. №1 “Боулинг” ойын-сауық кешенінде “Қала кубогы” дәстүрлі сайысы өтті. Осы жолғы сайыста өз бағын сынауға боулинг ойынына құмартқан 14 адам ниет танытыпты.   Сайыс қорытындысы бойынша үздік үштікті Дмитрий Кряжка тұйықтады. Күміс жүлдені Дмитрий Калмыков иеленсе, Александр Леус турнирдің жеңімпазы атанды. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”.

АЙЛАСЫН АСЫРА АЛМАДЫ

Облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының уәкілдеріне белгісіз жас жігіттің марихуана сатып жүргені туралы хабар түскеннен кейін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде ақпарат расталды. Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғыны 9 килограмға жуық марихуанамен ұсталды.

АПАТТЫ АЗАЙТУ МАҚСАТЫНДА

Петропавл қаласында және облысымыздың 13 ауданында дәстүрлі “Жолда қабылдау” акциясы өтті. Шараға белсене қатысқан жүргізушілер мен жолаушылар әкімшілік полициясы басқармасының қызметкерлеріне көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, сауалнама толтырды.

КҮДІКТІ ІЗДЕСТІРІЛУДЕ

Алматы қаласында белгісіз біреудің Ботагөз Жұмановаға ауыр дене жарақатын салу фактісіне орай Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қылмыс белгісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ ЗОР

Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығына орай облыстық ішкі істер департаменті байырғы полицейлерге құрмет көрсету мақсатында қайырымдылық сенбілігін өткізіп, бір күндік жалақыларын ардагерлер кеңесінің қорына аударды. Тәртіп сақшыларынан 7 миллион теңге қаражат жиналды. Сонымен қатар, ішкі істер органдарының 250 ардагері үшін дастарқан жайылса, 450-іне материалдық көмек берілді.

ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ЖАРЫСЫ

Облыстық әкімдіктің қолдауымен өңірлік қонақүйлер және мейрамханалар қауымдастығының бастамасымен “Қонақжай Петропавл – 2015” байқауы жарияланды. Байқау шарты бойынша туризм, қонақжайлылық және ойын-сауық саласындағы кәсіпкерлердің өтініштері 5 қазаннан бастап бір ай бойы қабылданады. Іс-шараның басты мақсаты – үздік кәсіпкерлік субъектілерін анықтап, олардың қызмет көрсету деңгейін арттыру. Сондай-ақ, тұтынушыларға туризм, қонақжайлылық және ойын-сауық орталықтары туралы жағымды әсер …

ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ЖАРЫСЫ Read More »

Жастар шығармашылығы

Шынайы жазылған жыр – адам жанының көшірмесі. Көңілдің рухани қоректенуіне септесетін өлеңді жазу арқылы шығармашылық мүмкіндіктерін паш етіп жүрген өрендер өңірімізде жетерлік. Олардың қатарында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 2-курс студенті Сымбат Лепез де бар. “Серпін” мемлекеттік бағдарламасы арқылы Қызылорда облысындағы Қазалы ауданынан келген ол аймақтық деңгейде өткізілген жыр мүшәйраларының бірнеше мәрте лауреаты …

Жастар шығармашылығы Read More »

ӨЗІМІЗ БАҒАЛАУЫМЫЗ КЕРЕК

Тіл – қастерлі де қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге беріліп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің сан қырын, абзал сырын түсіне білуіңе басты себепкер де – тіл. Әлемдегі әрбір ұлт өз тілін қадірлейді, …

ӨЗІМІЗ БАҒАЛАУЫМЫЗ КЕРЕК Read More »

ЖЕҢІС ЫНТАЛАНДЫРАДЫ

Бүгінгі таңда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылға қарай Қазақстан халқының 30 пайызы бұқаралық спортпен жүйелі түрде айналысуы керектігі жөніндегі тапсырмасын орындау бағытындағы жұмыс белсенділікпен жалғасын табуда. Бізді, облыс орталығының жастарын соңғы жылдары қаламызда осынау бұқаралық шараны дамыту бағытында шын мәнінде көптеген игілікті істердің атқарылып келе жатқандығы қуантады. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарынан облыс әкімі Ерік Сұлтановтың …

ЖЕҢІС ЫНТАЛАНДЫРАДЫ Read More »

ҚОЛДАУ ҚУАТЫ

Жастар – жарқын келешектің кепілі, баянды болашақтың бағдары, сондықтан жастарға бүгін жасалған қызмет елдің ертеңіне деген үкілі үміті деуге болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: “Жастар – біздің болашағымыздың тірегі”, – деп айрықша атап айтқан еді. Мемлекет басшысының сөзі біздің алға қойған мақсаттарымызды сеніммен батыл орындауымызға жігер …

ҚОЛДАУ ҚУАТЫ Read More »

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ ҮШІН…

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары Петропавлдағы гуманитарлық-техникалық колледжде семинар өткізді. Елуге жуық студент қатысқан шара екі кезең бойынша жүзеге асты.

ҚАЗАҚША ӘН САЛҒАНДА ОРЫС ҚЫЗЫ…

Петропавлдағы қоғамдық көліктердің бірінде маған қарама-қарсы отырған жүзі жылы орыс қызының ұялы телефонынан қазақтың атақты ғұламасы Абай Құнанбайұлының өлеңіне жазылған, белгілі әнші Алтынай Жорабаева орындайтын “Сегіз аяқ” әні ойнап қоя берді. Түрі-түсі бейтаныс жас қыз: “Әйгерім, шыдай тұр, қазір келемін, келесі аялдамаға жақындап қалдым”, – деп телефон шалған құрбысымен қазақша анық сөйлесті. Ормандай қаптаған өзге …

ҚАЗАҚША ӘН САЛҒАНДА ОРЫС ҚЫЗЫ… Read More »

ҚҰМАР ОЙЫНҒА ҚҰНЫҚПА!

Қазіргі кезде букмекерлік кәсіп қызу қарқын алып тұр. Құмар ойындарға бәс тігетіндердің көбі жастар екені жасырын емес. Қаладағы осындай орындардың кез келгеніне кіре қалсаңыз, небір тосын жайларға тап боласыз. Ал құмар ойынға бәс тігіп, жеңіл жолмен ақша табуды көздегендер қалталары қағылса да, алған беттерінен қайтар емес.

РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ БІЗ

Дана халқымыздың тағылымды тәмсілінде “Бүгінгі жас – ертеңгі ел ағасы”, “Ақыл – жастан, асыл – тастан”, “Жастар – болашаққа апаратын алтын көпір” деген нақыл сөздер бар. Осы қанатты ұғымдардың астарына терең үңілер болсақ, бүгінгі жас ұрпақтың ертеңгі күні еліміздің тізгінін ұстайтын тұлғаларға, айтулы азаматтарға айналатынын, болашақта ел билігі жастардың қолында болатынын білдіреді.

Шоқан УӘЛИХАНОВ

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммедханафия – қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқыды. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол …

Шоқан УӘЛИХАНОВ Read More »

АУДАРМАШЫ – АЛТЫН КӨПІР

Ұрпағының болашағын ойлаған ұлт жастарының білімді болуын басты мақсат етері даусыз. Жасы кіші болса да, ақылы асқанды аға сыйлайтын қазақы қағиданың қаншалықты өміршең екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Халқымыздың тамыры тереңге жайылған тарихында білім-ғылым жолын насихат еткен аузы дуалы абыздары, данышпандары, шежірелі шешендері өте көп болған. Сондықтан баба дәстүрінен ажырамаған бүгінгі жастардың, келер ұрпақтың …

АУДАРМАШЫ – АЛТЫН КӨПІР Read More »

ТАҢДАУЫМ ДА, ТАҒДЫРЫМ ДА …

Өңір тұрғындары денсаулығының мық­ты болуы медицина саласында талмай еңбек етіп жүрген білікті дәрігерлердің қолында екендігі мәлім. Жанын дерті меңдеген науқастың аурудан құлан-таза айығып кетуіне де сол ақ халатты абзал жандар жауапты. Сондықтан да басы ауырып, балтыры сыздаған жұртшылық дәрігерлердің еңбегін ерекше дәріптейді. Бала кезімде өзім туып-өскен Есіл ауданындағы Ақтас ауылында бүкіл саналы ғұмырын саламатты өмір …

ТАҢДАУЫМ ДА, ТАҒДЫРЫМ ДА … Read More »