«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.10.2015

ҚАУІПТІ ДЕ ҚИЫН

Мамандықтың бәрі жақсы, бірақ еңбек жолын қауіп пен қатерге толы қызмет түріне арнайтындар көп емес. Әсіресе, өрттен құтқару мамандығына таңдау жиі түсе бермейді. Тұрғындар бақытсыздық орын алғанда алдымен өртсөндірушілерге хабарласып, көмек сұрайды. Әрине, жайбасарлық, бейғамдық біздің қызметкерлерге тән емес. Көмек беруге жанұшыра жетеміз. Тіпті, біз өз кәсіби мерекемізде де қызмет орнынан табыламыз. Отбасылық мейрамдар мен …

ҚАУІПТІ ДЕ ҚИЫН Read More »

“АТЫ-ЖӨНІМІЗДІ ҚАЗАҚШАЛАЙЫҚ!”

Солтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасының Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында жоспарланған іс-шараларының бірі осылай аталды. Акция облыс орталығындағы қазақтілді мектептерде “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңның 20-бабын және “Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі №2923 Жарлығын оқушылар арасында насихаттау мақсатында өткізілді.

ЖИЫРМА ҚАРИЯМЫЗ ЖҮЗДЕН АСЫПТЫ

Елімізде ұзақ жасаушылардың саны артып келеді. Қарт-қариясының көптігі жөнінен Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр. Ақ сақалды ата, ақ жаулықты әжелердің саны біздің облысымызда да біршама. Облыстық статистика департаментінің бас маманы Гүлшат Әбілшинованың айтуынша, өңірімізде жасы жүзден асқан 20 адам тұрады. Олардың 5-еуі – ақсақал, 15-і – ақ жаулықты әже. 4-еуі Петропавл қаласында өмір сүрсе, …

ЖИЫРМА ҚАРИЯМЫЗ ЖҮЗДЕН АСЫПТЫ Read More »

ЖОЛ АЗАБЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

Уәлиханов ауданы облыстың шет аудандарының бірі саналады. Ал Қулыкөл, Қайрат, Жасқайрат елді мекендері ауданнан шалғайда жатыр. Орталарындағы “15 жылдық” деп аталатын ауылда 4 үй ғана қалған. Шалғайдағы ауылдар Павлодар облысымен шекаралас. Аралары 10-18 шақырым. Кеңес өкіметі кезінде әр ауылға күніне бір рет автобус, Көкшетаудан “АН-2” ұшағы қатынайтын. Кезінде ол жақтан тура Алматыға ұшып баруға болушы …

ЖОЛ АЗАБЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР Read More »

ҚҰРЫЛЫСТЫҢ НӘЗІКЖАНДЫ ШЕБЕРІ

Облыс орталығындағы “Единство” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – құрылыс материалдарын шығаратын іргелі кәсіпорын. Онда бүгінде 100-ге тарта солтүстікқазақстандық еңбек етеді. Серіктестік әкімшілігі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша қолға алған жобасымен еңбеккерлердің ертеңгі күніне деген сенімдерін арттырып отыр. Ірі панельді құрастырмалы темір-бетон қабырғаларды шығаруды қолға алған кәсіпорынның күннен-күнге тапсырысы ұлғайып, жұмысқа қабылданып жатқандар саны көбеюде. Биыл №3 және …

ҚҰРЫЛЫСТЫҢ НӘЗІКЖАНДЫ ШЕБЕРІ Read More »

ҚАРТТАР МЕН МҮГЕДЕКТЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНУДЕ

Облыста 90 мыңнан астам зейнеткер және 28 мың мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Олардың ішінде 4310-ы жалғыз тұрады, ал соның 1203-і – жалғызбасты. Қарттар мен мүгедектердің проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару мақсатында жылда әдеттегідей 1 қазан – 1 қараша аралығында қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы өткізіледі. Оның мақсаты – аға буынның қоғам алдында сіңірген еңбегіне ризашылық …

ҚАРТТАР МЕН МҮГЕДЕКТЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНУДЕ Read More »

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДІҢ ЫРЫСЫ ОРТАЙМАЙДЫ

Биыл Рухани келісім күнін 23 мәрте атап өтпекшіміз. Көпұлтты еліміз үшін бұл күннің маңызы зор. Өйткені, біздің еліміз ұлтаралық татулық пен рухани келісімді жоғары бағалайды. Ислам діні татулықты, ауызбіршілікті діттейді. Сондықтан біздің де көздегеніміз – дінаралық, конфессияаралық татулықты нығайтуға өзіндік үлес қосу. Алла Тағала Құран Кәрімде: “Дін турасында сендермен соғыспаған әрі сендерді өз Отандарыңнан қуып …

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДІҢ ЫРЫСЫ ОРТАЙМАЙДЫ Read More »

ЖҮРЕКТІҢ ТҮКПІРІНДЕ ЖАТҚАН СЕЗІМ

Жуырда “Мәңгілік Ел – болашағы біртұтас ел” тақырыбымен өткізілген республикалық патриоттар форумына қатысып келдім. Ұлан-байтақ елімiздiң барлық өңiрiнен Қазақстанның патриоттары бас қосқан жиында өз ісінің үздік мамандары: дәрігерлер, әскерилер, өнеркәсіп жұмысшылары, ғалымдар, жас көшбасшылар, ауыл шаруашылығы еңбеккерлері, қоғам қайраткерлері, спортшылар, талантты актерлер, мәдениет майталмандары тоғысты. Әсіресе, өнеріміздің беделін асқақтатып, әлемге танытқан атақты тұлғалар: КСРО халық …

ЖҮРЕКТІҢ ТҮКПІРІНДЕ ЖАТҚАН СЕЗІМ Read More »

БІЛІМДІ ЖАСТАР БАС ҚОСТЫ

Бүгін Астанада Орталық Азиядағы ірі білім көрмесі – “Bolashak alumni reunion conference and education fair 2015” және “Болашақ” түлектерінің кездесу конференциясы өтуде. АҚШ-тың “NAFSA” әлемдік білім көрмесінің баламасы бойынша құрылған аталмыш шараға 40-тан аса шетелдік және 20 қазақстандық университет қатысуда.

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ – СЕНІМДІ СЕРІКТЕСТЕР

Бейсенбі күні Елбасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Қазақстан Президенті кездесу барысында Владимир Путиннің елімізге сапары үшін ризашылық білдірді. – Сіздің Қазақстанға бұдан бұрынғы мемлекеттік сапарыңыз төрт жыл бұрын болды. Осы уақыт аралығында біз үнемі көзқарасымызды салғастырып, екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін түрлі орындарда шешіп отырдық. Сіздің бұл жолғы сапарыңыз да …

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ – СЕНІМДІ СЕРІКТЕСТЕР Read More »

5 МИЛЛИОН 425 МЫҢ ТОННА – ҚАМБАДА

Бүгінде өңірде күзгі жиын-терін науқаны аяқталып, 3210 мың гектар егін алқабынан 5 миллион 425 мың тонна астық қамбаға құйылды. Орақ науқанының аяқталғаны туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Петропавл қаласындағы макарон өнімдерін шығаратын “Сұлтан ЭММК” акционерлік қоғамында болғанда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне хабарлады.