«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПАРА ТҮБІ – ҚОРЛЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық соты бұрынғы тәртіп сақшыларының үстінен қозғалған пара алу, беру және араға түсу қылмыстары бойынша жүргізілген іске нүкте қойды.

Жол-патрульдік полициясының бұрынғы қызметкері М.Роговой биылғы жылдың 6 шілдесінде Е. Анохин арқылы “Lexus RX 300” маркалы автокөлікті мас күйде басқарған жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмау үшін 100 000 теңге көлемінде пара алған. Ал Н. Ильюхин Е. Анохинді жүргізушімен кездестіріп, арада делдалдық қызмет атқарған. Сөйтіп ол әріптесін жемқорлық әрекетке итермелеген.

Сот үкімімен М. Роговой Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал Е. Анохин сот шешімімен 1 жыл 6 ай мерзімге сотталды.  

Н. Ильюхиннің де пара беруге итермелеу бабы бойынша кінәсі дәлелденіп, ол да жазадан құтыла алмады. Ол 2 жылға бас бостандығынан айрылды.

Сот шешімімен үшеуінің де жекеменшіктеріндегі мүліктері тәркіленіп, мемлекеттік органдарда өмір бойы лауазымды қызмет атқару құқықтарынан айрылды. Сотталғандар жазаларын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтейтін болады.

Айгүл ЫСҚАҚОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp