«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУРЕТТЕРДІҢ АЙТАРЫ КӨП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен “Үміт – 2015” байқау-конкурсы өтті. Облыстық бейнелеу мұражайында өткен көрмеге өңіріміздегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандардың 40 қолданбалы өнер бұйымы мен 30 картинасы қойылды.

– Жазасын өтеушілер кәсіби шебер болмағанымен, олар күнделікті өмірде пайдаланылатын әдемі заттар жасапты. Оның ішінде ерекше атап өтетіні – ағаш бесік, кеме, қобдишалар мен темірден жасалған қоқыс жәшіктері, – дейді ағаш шебері Руслан Кодзоев.

Қазылар алқасы қылқаламды серік еткендердің ішінен бірінші орынға “ЕС-164/6” түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген Алла Малыхинаның “Аюлар” картинасын лайық деп таныды. Ал қолөнерге бейімдердің ішінен үздік ретінде “ЕС-164/3” түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан Дмитрий Невструевтің “Велосипед” бұйымы таңдалды.

Облыстық байқау-конкурсқа қойылған бұйымдар мен картиналар Қарттар және Балалар үйіне, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау және оңалту орталығына, мектептерге, балабақшаларға салтанатты түрде табыс етілді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp