«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒАЙЫНДАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Евгений Сергеевич Глотов облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Е.С.Глотов Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған. Лев Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеттің заң факультетін халықаралық құқық мамандығы бойынша, «Болашақ» бағдарламасымен City university London тамамдаған. Халықаралық құқық бакалавры. Құқық магистрі.

Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан жастары конгресінің менеджері болып бастаған. 2007-2008 жылдары «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорының атқарушы директоры болды. 2008-2010 жылдары Қазақстан ауыл жастары одағының төрағасы қызметін атқарды.

2010 жылдан коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. «Агроиздат» ЖШС-і директорының орынбасары, директоры, «Полюс-СТ-Евразия» ЖШС-і директорының орынбасары, «Стилсофт-Астана» ЖШС-нің коммерциялық директоры болды.

2015 жылдың қаңтар-шілде айларында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы қызметін атқарды. Осы тағайындауға дейін құрылымдық бөлімшенің жетекшісі – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдық-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp