Петропавл қаласындағы №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектебінде жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, олардың ақпараттық-методологиялық мәдени деңгейлерін көтеру, шығармашылық белсенділігін арттырып, тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған семинарға облыс орталығындағы білім беру мекемелерінен 120-дан астам ұстаз қатысты.
Семинарға қатысушыларға білім ордасының жоғары санатты, деңгейлік курстан өткен мұғалімдері пәндер бойынша ашық сабақтар, шеберлік сыныптарын, сыныптан тыс шаралар өткізіп, тәжірибе алмасты. “Барокко дәуірінің музыкасы” сыныптан тыс іс-шарасында мектеп оқушылары фортепьянода, скрипкада, клавесинде ойнап, байырғы заман билерін орындады.
Семинардың соңында пән мұғалімдері ашық сабақтарды талдап, қорытындылады.
(Өз тілшіміз).