«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПОЛИГОНДЫ ЗЕРТТЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

XXI ғасыр – технологияның заманы. Қазіргі таңда, әсіресе, робот техникасы кеңінен қанат жайып дамып келеді. Бұл салаға өскелең ұрпақтың бет бұрып келетіні қуантады. Мәселен, мен білім алатын химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде робот техникасы саласын кәсіби түрде меңгеріп жүрген оқушылар жетерлік.

Мәселен, 11-сынып оқушылары Айдын Тілеуғабылов және Даниал Амангелді өзге оқушылар сияқты үйірмеде роботтың түр-түрін жасауда.  

Бір айта кетерлігі, олардың дені жуырда Астана қаласында өткен роботехникадан республикалық олимпиада да біздің мектебіміздің намысын қорғаған “ARTA Robotics” құрама командасының қоржынында 4 медаль бар. Жеңімпаздар Катар елінде роботехникадан өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Айдын Тілеуғабылов және оның серіктесі Даниал Амангелді бірлесіп бірнеше роботты жасап үлгерген. Мысалы, суреттегі робот – Семей өңіріндегі ядролық полигонда сақталған радиоактивті химиялық элементтерді жоюға тиіс жоспар бойынша құрастырылды. Полигонда сақталған радиоактивті химиялық элементтер адам өміріне, оның денсаулығына зиян келтіретіндігі әмбеден аян. Оларды залалсыздандыру болашақтың еншісінде. Айдын мен Даниалдың жасап жатқан роботтары бұл мәселені шешуге бағытталған. Ол адам өміріне қауіпті болып келетін жұмыстарды жеңілдетіп, ғылымның кеңінен қанат жайып дамуына септеседі. Ең қызығы әлемдегі ең алғашқы роботты XVII ғасырдың соңында атақты суретші Леонардо да Винчи ойлап тапқан. Ол темір сауыт киген, қол-аяғын қозғалта алатын робот жасаған екен. Бүгінгі күннің роботы аяқ-қолымен ғана емес, сондай-ақ, белгілі бір бағдарламаларды да орындай алады. Оған мысал Айдын мен Даниалдың ойлап тапқан роботы.

Ашим КУСПЕКОВ,

8 “В” сынып оқушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp