Адалбақан – азық-түлік ілетін ұзынша ағаш.
Қоржын – жіптен тоқылған екі бөлімді теңдеме.
Дорба – матадан немесе киізден тігіліп, құрғақ тағамдар салатын ыдыс.
Жағылан – киізден немесе теріден жасалған сандық.
Кебеже – сүр ет, құрт, май салып, сақтауға арналған ағаштан жасалған сандықша.
Шан – үлкен бөшке тәрізді ыдыс.
Қанар – астық, мақта, жүн сақтайтын қап.
Қапшық – азық-түлік салуға арналған кішігірім кенеп қап.
Қобди – ұсақ-түйек салатын кішкене сауыт.
Борман – әртүрлі бұйым салатын ағаш жәшік.
Абажа – кебеженің үлкен түрі.
Түйемойнақ – түйенің мойын терісінен жасалған дорба.