Бобслей – қысқы Олимпиадалық ойындардағы шанамен сырғанау спортының бір түрі. Ойынның Отаны – Швейцария. Ол IX ғасырдың аяғында пайда болды.
Ойын жарысы биік жал сияқты етіп, екі қапталына және табанына мұз қатырылған, шұғыл бұрылыстары бар, үлкен жылдамдыққа арналып арнайы жасалған ұзын арна сияқты жолдарда өткізіледі.
Бұл ойын үшін 1904 жылы ағаштан арнайы шана жасалды. Уақыт өте спортшылардың ағаш шаналардың үлкен жылдамдыққа шыдай алмайтындығына көзі жетті. Сол себепті шаналарын төзімді болат шаналарға ауыстырды. Оларды “Боб” деп атады. Шананың сырғанау жылдамдығы 10 километрден асады.
Бобслей 1924 жылдан бастап қысқы ойындар бағдарламасына енді. Бұл спорт түрінен Еуропа, Азия және Дүниежүзілік чемпионаттар өткізіледі.