Жуырда облыстық кәсіподақ орталығында актив кеңесі өтіп, онда “Кәсіптік одақтар туралы” Қазақстан Республикасының жаңа Заңының өңіріміздегі кәсіподақтарда қалай жүзеге асырылып жатқандығы талқыланды. Осы орайда облыстық кәсіподақ орталығының заңгерлік жұмыс жөніндегі бас маманы Людмила Голенкова аталмыш Заңның қабылдануына байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бірқатар ілеспе заңнамалық актілердің құқықтық нормаларын түсіндірді. Олар: “Азаматтық-процессуалдық және еңбек” кодексі, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы”, “Қоғамдық бірлестіктер туралы”, “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы”, “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы” Заңдар. Енгізілген өзгерістер әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық және өңірлік комиссиялардың функциясын әлеуметтік әріптестік негізінде айтарлықтай кеңейтіп отыр. Енді кәсіподақ комитеттерінің, жұмысшылардың өкілдерінің жұмыс істеуіне жағдай жасау жөніндегі құқықтық нормалар міндетті болып, ұжымдық шарттың мазмұнына енгізілуі қажет. Сондай-ақ, кеңеске қатысқандарға алдағы уақытта жаңа Еңбек кодексінің қабылдануына байланысты ұжымдық шарттарды сәйкестендіру қажет екендігі де айтылды.
Жамал АХМЕТОВА,
облыстық кәсіподақ орталығының төрайымы.