«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МОЛ МҮМКІНДІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот “Сот кабинеті” сервисінің жаңа мүмкіндіктерін “дөңгелек үстел” тақырыбына арқау етті.

Жиынға өңіріміздің адвокаттары, №6637 әскери бөлімнің, психоневрологиялық диспансердің, наркологиялық орталықтың өкілдері қатысты. Жиналғандарға аталмыш соттың төрағасы Сергей Викторенко: “Сот кабинеті” сервисінің енгізілуі сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, бюрократиялық кедергілерді жоюға, судьялардың азаматтармен тікелей байланысын азайту арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ, сот жүйесінің ашық әрі қолжетімді болуына барынша мүмкіндік туғызады”, – деді.

Басқалар да электрондық құжат айналымына көшу түрлі кедергілерді азайтып, тұрғындардың сотқа жүгінуін жеңілдетеді деп отыр. Егер жаңа жүйе енгізілсе, азамат, оның өкілі немесе адвокат өзіне қолайлы кез келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан, интернет желісі арқылы сот құжаттарымен танысып, істің қаралу деңгейін біліп, сот актісін қағазға басып шығаруға мүмкіндік алады.  

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp