«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаево қаласының оқушылары орман шаруашылығы бойынша Ресейде өткен халықаралық слетке қатысып, облыстың ғана емес, республиканың намысын абыроймен қорғады. Жас орманшылардың аталмыш сапарға баруына облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қолдау көрсетті.

Булаево қаласындағы №2 орта мектеп оқушылары 2011 жылы “Мектеп орманшылары” командасын құрған. Өз топтарын “Орман шолғыншылары” деп атаған балалар қоршаған ортаға қорған болып, жасыл желектерді егуге септеседі.  

Түмен облысында өткен аталмыш сайыста 27 топ өз мүмкіндіктерін көрсетіп, 9 кезеңнен өткен. Оның ішінде биология, зоология, жергілікті жерді анықтау және сол елді мекенде тіршілік ететін жәндіктерді танып, оларға анықтама беру, тағы басқа да сайыстарда бақ сынаған. Екі өңірдің табиғатында біраз айырмашылықтар болғандықтан, жас орманшыларға, әсіресе, соңғы сынақ түрлерінен өту қиындық туғызыпты. “Орман шолғыншылары” командасының капитаны Александр Тарасов: “Біз слетке ерте дайындалдық. Табиғатты зерттеу, ондағы жәндіктерді танып-білу ғаламтор аралап, гаджеттерде ойын ойнағаннан әлдеқайда қызық. Біздің еңбегіміз еш кетпегеніне қуаныштымыз. Өзім жекелей сында 3-орынға ие болдым”, – дейді.

Булаевоның әр мектебінде жас орманшылардың қатарына қосыламын деуші балалар көп. Сондықтан олар мектептердегі “Табиғат күнін” орман шаруашылығы мекемесімен бірге атап өтуді қолға алмақ.

Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp