«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОНЛАЙН ҚОЛДАУ КӨМЕГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстан-Ресей медициналық университетімен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға онлайн қолдау жобасын жүзеге асыра бастады.

Онлайн-қолдау қызметінің негізгі міндеті – мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарды психологиялық қолдауды, отбасында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды сақтауды, дене қозғалысы шектеулі тұлғалардың жан күйзелісіне ұшырамауына жағдай жасай отырып, отбасы мүшелеріне кеңес беруді көздейді.

Онлайн қолдау қызметі жайында толық ақпаратты тұрғылықты мекенжай бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен немесе i-krmu@mail.ru электронды мекенжайына хабарласу арқылы алуға болады.  

Қызмет “Skype” (Скайп) арқылы тегiн көрсетiледi, сондықтан үйде интернетке шығу мүмкiндiгi және “Skype” (Скайп) бағдарламасы болуы қажет.

Күлбаршын АХМЕТОВА,

Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің

маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp