Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында әріптестерім – төменгі палата депутаттары мені Мәжіліс Төрағасының орынбасары қызметіне лайық деп танып, кандидатурама бірауыздан қолдау білдірген болатын. Сол күннен бастап мені жаңа қызметіммен жарыса құттықтап, шынайы ықыластарын, жүрекжарды лебіздерін білдіргендердің қатары қалың болды. Маған сенім артқан әріптестерімнің, жанашырларымның, таныстарымның, алыс-жақын туыстарымның тілектері толассыз келуде. Әсіресе, кіндік қаным тамған өңір – Солтүстік Қазақстан облысы жұртшылығының ізгі ниеттері, жылы тілектері, қалтқысыз құттықтаулары жігерлендірді, мерейімді тасытты. Жерлестерімнің маған білдірген ерекше сенімдеріне, құрметтеріне шексіз ризашылығымды білдіремін.
Абай ТАСБОЛАТОВ,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі
Төрағасының орынбасары.