«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыста шағын және орта кәсіпкерліктің 36594 субъектісі жұмыс істейді, ол шағын және орта кәсіпкерліктің тіркелген субъектілер санының 86,1%-ын құрайды. Шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің жалпы санында жеке кәсіпкерлер үлесі – 81,8%-ды, шаруа қожалықтары немесе фермерлік шаруашылықтар – 7,8%-ды, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 10,0%-ды, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 0,4%-ды құрайды.

2015 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында 106309 адам жұмыспен қамтылған, ол облыстағы экономикалық белсенді халықтың 31,0%-ын құрайды. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандар саны 3,8%-ға өсті.

2015 жылғы қаңтар-маусымда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 107 млрд. теңгеден артық соманың өнімін өндіріп, қызметін көрсетті.

  Облыстық статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp