«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.10.2015

ЗУХРА АУҒАНБАЕВА – ЖЫЛ ПЕДАГОГІ

Ұстаз – ұлы мамандық. Оның иесі болу үшін ішкі жан дүниең сол таңдауға сай болуы керек. Ұстаздық деген ұлағатты ұғымның асқаралы биік шыңына екінің бірі шыға алмайды. М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Зухра Ауғанбаева “2015 жылдың үздік педагогі” атанды. Ол бұл атаққа күн-түн демей, …

ЗУХРА АУҒАНБАЕВА – ЖЫЛ ПЕДАГОГІ Read More »

МҰҒАЛІМДЕРГЕ БІРЫҢҒАЙ ФОРМА ҚАЖЕТ ПЕ?

Таяуда аталып өтілген Мұғалім күні мерекесінен кейін редакциямызға қоңырау шалған ардагер ұстаз салтанатты шарада әкімнің қолынан марапат алуға сахнаға шыққан кейбір мұғалімдердің киім киісі көзіне оғаш көрінгенін айтып, реніш білдірген еді. Ол: “Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі емес пе? Ол өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті, сырт пішіні, киген киімімен де оқушыларына әсер етеді. Сондықтан …

МҰҒАЛІМДЕРГЕ БІРЫҢҒАЙ ФОРМА ҚАЖЕТ ПЕ? Read More »

АРДАГЕРЛЕР – АСТАНАДА

Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитеті мен білім басқармасы бірлесіп, өңіріміздің ардагер педагогтеріне еліміздің бас қаласы – Астанаға саяхат ұйымдастырды. Саяхатқа қатысты барлық шығынымызды облыстық кәсіподақ комитеті өз мойнына алды.

ДОСТЫҚҚА АРНАЛҒАН ОНКҮНДІК

Ставрополка орта мектебінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған онкүндік өтті. Шара оқушылардың еліне, ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, оларды тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, қазақстандық патриотизм мен этносаралық келісімге тәрбиелеуді көздеді.

“АСҚАР ТАУЛАР” АЛАСАРЫП БАРА МА?

Өкінішке қарай, бүгінгі таңда ажырасып жатқан отбасылар саны көбейіп барады. Бір кезде “үй боламыз, бала-шаға тәрбиелейміз” деп қиялдың қалайы шамын ұстап, шаңырақ көтергенімен, өмір сынына шыдай алмаған ерлі-зайыптылар заң түрінде ажырасқан соң, жолы ақыры екі жаққа бөлініп тынады. Жоқ, мұнымен олардың “әңгімесі” таусылмайды. Керісінше, өмірдің жаңа бір парағы басталады десек, артық айтқандық болмас. Бұл жерде …

“АСҚАР ТАУЛАР” АЛАСАРЫП БАРА МА? Read More »

ЖАҢА ЗАҢ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жуырда облыстық кәсіподақ орталығында актив кеңесі өтіп, онда “Кәсіптік одақтар туралы” Қазақстан Республикасының жаңа Заңының өңіріміздегі кәсіподақтарда қалай жүзеге асырылып жатқандығы талқыланды. Осы орайда облыстық кәсіподақ орталығының заңгерлік жұмыс жөніндегі бас маманы Людмила Голенкова аталмыш Заңның қабылдануына байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бірқатар ілеспе заңнамалық актілердің құқықтық нормаларын түсіндірді. Олар: “Азаматтық-процессуалдық және еңбек” кодексі, “Қазақстан …

ЖАҢА ЗАҢ ТҮСІНДІРІЛДІ Read More »

ҚАЙРАН, АУЫЛДАР-АЙ!..

Жуырда газетте жарияланған “Ар – ең жақсы патриот” деген мақаланы оқып отырып, менің де көңілімде жүрген кейбір түйткілді мәселелер ойыма келді. Алып Кеңес Одағының шаңырағы ортасына түсіп, колхоз-совхоздар құрыды, қорадағы мыңғырған мал “бартерге” кетіп, техника ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Ауылдарда дырдай жігіттер екі қолдарына бір күрек таба алмай аңырап қалды. Дәл сол тұста Жамбыл …

ҚАЙРАН, АУЫЛДАР-АЙ!.. Read More »

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыста шағын және орта кәсіпкерліктің 36594 субъектісі жұмыс істейді, ол шағын және орта кәсіпкерліктің тіркелген субъектілер санының 86,1%-ын құрайды. Шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің жалпы санында жеке кәсіпкерлер үлесі – 81,8%-ды, шаруа қожалықтары немесе фермерлік шаруашылықтар – 7,8%-ды, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 10,0%-ды, орта кәсіпкерліктегі …

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК Read More »

ОЛҚЫЛЫҚТАР ОРЫН АЛҒАН

Облыстық тексеру комиссиясы өз жұмыс жоспарына сәйкес Ақжар ауданының жергілікті бюджетін және аудан аумағын дамытуға арналған бағдарламаның орындалуын тексерген болатын. Тексеріс 11 мемлекеттік мекемені қамтыды. Бақылау қамтыған жалпы сома 2425010,4 мың теңгені құрап, соның 571795,1 мың теңгесі бойынша қаржы тәртібін бұзушылық анықталды. Бұл аталған соманың 23,6 пайызы, соның ішінде бюджет кірістері бойынша – 1530,4 мың …

ОЛҚЫЛЫҚТАР ОРЫН АЛҒАН Read More »

БЕЛАРУСЬ ЕЛІМЕН БАЙЛАНЫС НЫҒАЯДЫ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Беларусь Республикасының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Анатолий Ничкасовпен және елшіліктің сауда-экономикалық қызметінің жетекшісі Геннадий Клыгамен кездесті. Өңір басшысы меймандарға облысымыздың әлеуметтік әлеуеті жайлы айтып берді. “Жарты миллион ғана тұрғыны бар Солтүстік Қазақстан облысы – аграрлы аймақ. Оның ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы мүмкіндіктері бар”,– деді Ерік Хамзаұлы. Екі ел арасындағы экономикалық …

БЕЛАРУСЬ ЕЛІМЕН БАЙЛАНЫС НЫҒАЯДЫ Read More »

РИЗАШЫЛЫҒЫМДЫ БІЛДІРЕМІН

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында әріптестерім – төменгі палата депутаттары мені Мәжіліс Төрағасының орынбасары қызметіне лайық деп танып, кандидатурама бірауыздан қолдау білдірген болатын. Сол күннен бастап мені жаңа қызметіммен жарыса құттықтап, шынайы ықыластарын, жүрекжарды лебіздерін білдіргендердің қатары қалың болды. Маған сенім артқан әріптестерімнің, жанашырларымның, таныстарымның, алыс-жақын туыстарымның тілектері толассыз келуде. Әсіресе, кіндік қаным тамған …

РИЗАШЫЛЫҒЫМДЫ БІЛДІРЕМІН Read More »

МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ – ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНДЕ

Бұрнағы күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова өңірімізге жұмыс сапарымен келіп, солтүстікқазақстандықтардың көп жылдан бері күткен Спорт сарайын салтанатты түрде ашты. Алдымен Мемлекеттік хатшы “Жезқазған-Петропавл” автокөлік жолында жүргізіліп жатқан қайта жаңарту жұмысымен танысты. Өткен жылдың маусым айында басталған жұмыс барысында 11 километр жол жаңартылып, ендігі жылдың наурыз айында пайдалануға берілмек. “Нұрлы Жол” мемлекеттік бағдарламасы …

МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ – ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНДЕ Read More »