Күз келді, бастау алды жаңа өмір,
Толқиды, қуанады бала көңіл.
Аттадық табалдырығын Нұр-мектептің,
Сеніммен, қуанышпен жайнап гүл-гүл.
Оқимыз бұл мектепте, жанды жұлдыз,
Талпынып, ізденеміз түнде, күндіз.
Сарқыраған болашақ өзенінде
Жүзеді нұрға толы мектебіміз.
Үлкен үміт күтуде ата-анам:
– Сенеміз, алға ұмтыл, оқы, балам!
Құдіреті күшті Құдай қолдасын,
Жет, қызым, мақсатыңа! – дейді маған.
Бұлбұл ХАЛМАН,
9 “В” сынып оқушысы.