«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘТЕШТІ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛҒАН ТАУЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ертеде тауық пен әтеш өмір сүріпті. Тауық жұмыртқалап, әтеш болса азық іздеп, дән жинайтын. Тапқан азығын тауықпен бөлісетін. Бидайды қазып алып, тауықты шақырады:

– Ко-ко-ко, мен бидай тауып алдым!

Осы жолы әтеш үлкен бұршақ қазып алған еді. «Бұл дәнді тауық жұта алмас, одан да өзім жеп қояйын», – деп ойлайды. Дәнді жұтады да, қақалып қалады. Әтеш жерге құлап түсіп, аяғын көкке көтеріп, тыныс ала алмайды. Тауық жүгіріп келеді де:  

– Петя, саған не болды? Неге тыныс алмай жатырсың?

– Ох, бұршақ дәнімен қақалып қалдым, – деп жауап береді әтеш.

– Тамақты маймен майлау керек, – деп сыбырлайды.

– Ал оны қайдан аламын?

– Сиырдан.

Тауық сиырға қарай жүгіре жөнелді:

– Сиыр, сиыр, маған май берші?

– Майды қайтейін деп едің?

– Әтеш бұршаққа қақалып, дем ала алмай жерде жатыр.

– Жарайды, берейін. Бірақ алдымен шалғынға барып, шөп шабатын адамдардан жемазық алып кел, – дейді сиыр.

Орақшыларға желдей зымырап келген тауық:

– Маған шөп беріңдерші? – дейді жалына.

– Шөпті қайтейін деп едің?

– Жемазық – сиырға. Сиыр маған май береді. Ал майды әтешке беремін. Әтеш бұршаққа қақалып, дем ала алмай жатыр.

Орақшылар:

– Аспазға барып, бәліш сұра. Бәлішпен әлденіп алған соң шөп оруға да кірісерміз.

Аспазға келген тауық:

– Аспаз, аспаз, маған бәліш пісіріп берші.

– Оны қайтейін деп ең?

– Орақшылар бәлішпен тамақтанып алған соң олар маған шөп шауып береді. Шөпті сиырға апарамын, ол маған май береді. Майды бұршаққа қақалып жатқан әтешке апарамын.

Аспаз:

– Орманға барып, отын алып кел. Әйтпесе, ас пісіретіндей отыным қалмапты, – дейді.

Орманға зымырай жөнелген тауық отын алып келді. Аспаз заматта бәліш пісіре қойды. Буы бұрқыраған бәлішті тауық орақшыларға жеткізді. Орақшылар бәлішті жеп, шөп шауып берді. Бір мая шөпті тауық сиырға әкелді. Сиыр айтқанын орындап, май берді. Әтеш бұршақ тұрып қалған жұтқыншағын майлап:

– Ку-ка-ре-ку! Тауық, жарадың, мені құтқарып қалдың, – деп бар жан дауысын салып, ән айта бастады.

Аударған

Дәметкен МАРАТ,

8 “С” сынып оқушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp