«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕСКӨЛДЕ БОЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен Қызылжар ауданының Бескөл ауылында болды. Сапар барысында өңір жетекшісі жаңадан ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қысқа әзірлігімен және “Левин” жеке кәсіпкерлігінің өндірістік цехының жұмысымен танысты.

“Левин” жеке кәсіпкерлігі қабырғалық жиһаз жасайды. Аталмыш компанияның басқарушысы Елена Левинаның айтуынша, өткен жылы жұмсақ және қуыршақтарға арналған жиһаздар жасайтын цех ашылған екен.

– Бүгінгі таңда біз 70 түрлі өнім шығарамыз. Өндірісте экологиялық таза жергілікті шикізат қолданылады. Қазіргі таңда 6 цех жұмыс істейді. Еліміздің барлық өңірлерімен іскерлік қарым-қатынас орнаттық. Ресейдің Түмен облысына тауарларымызды жөнелтіп, Омбымен қажетті келіссөздерді жүргізудеміз. Жалпы көтерме бағамен сатып алушыларға басымдық береміз. Ал бөлшек саудада тек жұмсақ жиһаздар сатылуда. Алайда, ендігі жылы жаңа цех ашуды жоспарлап отырмыз, – деді Елена Владимировна.

Өндіріс барысын көрген өңір жетекшісі ағаш цехында кәсіпкерге түйткілді мәселелер бар ма, сатып алушылардан тапсырыстар жеткілікті ме деген сауалдарын қойды. Елена Левинаның айтуынша, тапсырыс шаш етектен болмағанымен, маман тапшылығы сезіледі екен. Қазіргі таңда компанияда 70-тен астам адам еңбек етсе де, бос жұмыс орындары әлі де бар. Осы орайда облыс әкімі Ерік Сұлтанов кәсіпкерге облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және мемлекеттік бағдарламалар басқармасының көмегіне жүгіну қажет екендігін айтты.

Осыдан кейін өңір басшысы үстіміздегі жылдың тамыз айында ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды. Спорт кешенінің қысқа әзірлігін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин баяндады.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp