«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЫРТАУДА БАС ҚОСТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жақында Петропавл және Булаев епархиясының епископы Владимирдің ұсынысымен өңіріміздегі дәстүрлі діндердің өкілдері Айыртау ауданындағы тарихи орындарды аралады. Олар “Қарасай мен Ағынтай батырлар” мемориалдық кешеніне, Айғаным қонысына, Ботай қорығына, “Ақан сері” композициясына, Шоқан Уәлиханов мұражайына барды.

Одан кейін “Нұр Отан” партиясының аудандық филиалының ғимаратында өткізілген “дөңгелек үстел” барысында әр дәстүрлі діннің бейбітшілік пен келісімге шақырып, еліміздегі тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететіндігі сөз болып, шараға қатысушылар әңгіме өрбітті. “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Кенжетай Дүйсенбай, епископ Владимир және “Святая Троица” рим-католик шіркеуінің деканы Томаш Якубчак ел дамуында рухани келісімнің алар орны зор екендігін жарыса айтумен шектелмей, өз ұсыныстарын да жасады. Енді әр жыл сайын Рухани келісім күні дәстүрлі түрде дінге сенушілері үшін айтарлықтай маңызды орындарға баратын болады. Ендігі жылы Мағжан Жұмабаев ауданындағы Лебяжье ауылындағы православ ғибадатханасына бару жоспарланып отыр. Ал 2017 жылы өңір католиктері үшін қасиетті жер – Тайынша ауданындағы “Звезда Казахстана” ғибадатханасына барады.  

Нажиба АҚҚОЖИНА,

облыстық дін істері басқармасының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp