«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 36 млрд. теңгеден астам инвестиция салынды. Бұл – облыс бойынша жалпы инвестиция көлемінің 33 пайызы.

Саланың негізгі капиталына инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5 пайызға төмен.

Инвестициялардың елеулі көлемі Ғабит Мүсірепов атындағы (66,9 пайыз) және Жамбыл (6,2 пайыз) аудандарының ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталды.

Негізгі капиталға салынған инвестицияны қаржыландыру көздерінің ішінде кәсіпорындардың өзіндік қаражаты (жалпы көлемнің 92,9 пайызы) басым болды, банктердің кредиттері – 1,5 пайыз, инвесторлардың қарыздық қаражатының үлесі 5,6 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы салалары ішінде инвестициялауға ең тартымды болғаны өсімдік шаруашылығы (инвестицияның жалпы көлемінің 69 пайызы), мал шаруашылығына – 5,4 пайыз, аралас ауыл шаруашылығына – 24,8 пайыз және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру саласындағы қызметтің көмекші түрлері 0,8 пайыз келеді.

Облыстық статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp