«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САБАҚҚА КЕЛМЕГЕНІ ҮШІН – АЙЫППҰЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының темір жол көлігі колледжінің мәжіліс залында өткен көшпелі сот процесінде Тайынша қаласының ата-ана міндетін орындамаған тұрғынына қатысты іс қаралды. Сот отырысына тәртіп сақшылары, прокуратура және білім бөлімінің қызметкерлері, колледж студенттері қатысты. Студент ұлының колледждегі оқуын босатқаны үшін жауапкершілікке тартылған адамның өзі сотқа келмеді. Соған қарамастан, оған облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 1-бөлімі бойынша 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

“Бүгінгі қоғамда құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында оқу орнының іргесінде өткен сот ісі жасөспірімдерге сабақ болады”, – дейді колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Татьяна Никитина.  

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp