«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАУІПСІЗДІК ҚАПЕРДЕ БОЛСЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Күн суытып, өзен мен көлдердің маңайындағы абыр-сабыр бәсеңсігенмен, күзгі олжадан дәмелі аңшылар мен балықшылар су көздерін жағалап, дамыл таппауда.

Бұл әуестік қаншалықты қызықты болса, соншалықты қауіпті екендігі даусыз. Мәселен, өзен-көлге қайықпен шықса да, құтқару құралдарын ұмытып кететіндер аз емес. Зәкірді көтеру, тор құру барысында қайық ауып кетуі мүмкін.

Жыл басынан бері облыста суда қаза болған балықшылар саны 9 адамға жетті. Судағы соңғы төтенше жағдай қазан айының 11-інде тіркелді. Мамлют ауданына қарасты Воскресеновка ауылындағы Рыбное көлінде 1956 жылы туған ер адам балық аулап жүріп, суға кетіп қалған. Оның денесін жедел-құтқару жасағы күштері іздестіру шарасы барысында тауып алды.  

Су айдынына техникалық жағынан жарамды қайықпен шығып, оған артық жүк салуға болмайтынын қатаң қаперде ұстау керек. Қайық үстінде балық және аң аулау кезінде шалт қимылдамаған жөн. Сонымен қатар, резеңке қайық болса, оның кесіліп кетпеуін мұқият қадағалап отыру керек. Ішімдік ішуден де аулақ болған дұрыс. Егер осындай оқиғаларға куәгер болсаңыз, зардап шегуші адамдарға шұғыл көмек көрсету мақсатында дереу арада “112” телефон нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Гүлмира САЛЫҚОВА,

“Жедел-құтқару жасағы” ММ-нің бас құтқарушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp