«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше қалалық Мәдениет үйінде облыс әкімі Ерік Сұлтановтың қатысуымен Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Онда өңір басшысы сала қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, таңдаулыларға облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті.

Кәсіби мерекені атап өтуге арналған салтанатты жиында өңір басшысы Ерік Сұлтанов:

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында әлеуметтік қорғау мәселесіне ерекше назар аударады. Біздің облысымызда тұрғындардың аз қамтылған топтарын жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қолдауға бағытталған мемлекеттік және салалық бағдарламалар белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні 11 мыңнан астам солтүстікқазақстандық мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған, оның ішінде 3,5 мыңнан астам адам үйінде көмек алады. Облыстың әлеуметтік қорғау органдарында жоғары кәсіби шеберлікті иеленген және баға жетпес адами қасиеттерді бойына дарытқан, басқаның қайғысы мен мұңына ортақтасып, қайырымдылық танытатын 2 мыңнан астам маман еңбек етеді, – дей келіп, кәсіби мамандардың қызметтеріне сәттілік, баршасына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық тіледі.  

Құттықтау сөзінен кейін Ерік Хамзаұлы үздіктерге облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Петропавл психоневрологиялық балалар үйі-интернатының палаталық санитары Татьяна Сафронова “Әлеуметтік еңбек саласының үздігі” төсбелгісімен, 7 қызметкер Құрмет грамотасымен марапатталды.

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

 Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp