«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 27.10.2015

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫН МЕҢГЕРЕДІ

Петропавл кәсіптік колледжі облыстың түзеу мекемелеріндегі бас бостандығынан айрылған азаматтарды кәсіби даярлауды жүзеге асырады. Кәсіптік колледжде электргазбен дәнекерлеуші, құрылыс, ағаш ұстасы, тасқалаушы, сылақшы, плита қаптаушы, тігінші мамандықтары сияқты қазіргі уақытта еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптерге оқытылады. 18 бен 60 жас аралығындағы кейбір сотталғандар үшін бұл бірінші алған мамандықтары болып табылады.

ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ

Астана қаласында “Қызыл-Жар СК” мен “Бәйтерек” командалары кездесті. Премьер-лигаға өтуіне бір-ақ қадам қалған қызылжарлықтар бұл кездесуде ойламаған жерден көш соңында келе жатқан аутсайдерден жеңіліс тапты. Шабуылдарын үдете түскен жерлестеріміз бірінші таймның 29-шы минутында есеп ашты. Алғашқы голдың авторы – синегалдық легионер Эльхаджи Ндойе.

ҒҰЛАМАҒА ТАҒЗЫМ

Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің әр облысындағы орталық мешіттерге екі-үш жыл сайын қариларын жіберетін Түркияға таңғалушы едік: Құранды жатқа білетін адамдар (түріктер оларды «хафиздер» дейді – Б.Қ.) ол жақта жыртылып айырылатын көлдің құстарындай қисапсыз көп. Сөздің реті келіп тұрғанда айта кетейін: талай да талай балаларымыздан бастап, жасымызды да, жасамысымызды да Алланың ақ жолына түсірген сол қариларға …

ҒҰЛАМАҒА ТАҒЗЫМ Read More »

ҚҰРАН БАҒЫШТАУДЫ ҮЙРЕНЕЙІК

Құрметті мұсылман! Егер де марқұм болған ағайын-туыс, дос-жарандарыңызға және дәметкен аруақтарға Құран бағыштағыңыз келсе, “Фатиха” және “Ықылас” сүрелерін оқуыңызға болады. “Фатиха” сүресі Ағуузу биллааһи минащайтаанир раджиим, бисмиллааһир раһмаанир раһиим.

ЖАМАН КЕСЕЛ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Қырықтан енді асқан қазақ келіншегі мешітке күнде келмесе де, жұма күндері соғып, өмірден өткен жақындарына Құран оқытатын. “Бір көрген – біліс, екі көрген – таныс” демей ме?! Соңғы келгенде қабағынан уайымы бар екенін аңғару қиынға соқпады. Бұл жолы әдеттегідей Құран оқитын бөлмеге өткен жоқ, бірден наиб имамдарға келді. Әңгімесінен ұққаным, жұбайының қолына ақша түссе, букмекерлік …

ЖАМАН КЕСЕЛ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ Read More »

БАСШЫҒА БАҒЫНУ – ПАРЫЗ

Мұсылман үмбетінің алға басуының, оның күшеюінің алғышарттарының бірі – басшыға бағыну, өзара бірлікте, ынтымақта болу. Адамның табиғаты жаманшылыққа бейім болғандықтан, әр кез оларға тиісінше жаза беріп, үкім шығару үшін бір адамның кез келген бір қоғамда басшылық қамытын киюі міндетті. Өйткені, қоғамда басшы болмау күштілердің әлсіздерге, балардың кедейлерге үстемдік қылып, қанауына жол ашады. Басшысы жоқ бұл …

БАСШЫҒА БАҒЫНУ – ПАРЫЗ Read More »

ҰЛЫ ДАЛА ЖӘНЕ ДІН

Қазақ жерінде ғасырлар бойы сан түрлі дінді ұстанған түрлі халықтар өзара келісім мен татулықта өмір сүріп келеді. Сол себептен де Қазақстан бүкіл әлем үшін дінаралық және ұлтаралық келісім құрған тату елдің үлгісіне айналып отыр. Біздің мемлекеттің басқа діндерге деген құрметі, толеранттылығы мен өзара түсіністігі маңызды факторға және мемлекеттілікті тұрақты дамытудың, елдегі қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудің …

ҰЛЫ ДАЛА ЖӘНЕ ДІН Read More »

ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ӨЗ ТҮЛЕКТЕРІНЕ МАРАПАТЫ

Сенбі күні Достық үйінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Мұқанова әр жылдары аталмыш жоғары оқу орнын тамамдаған және ғылыми дәрежелерін қорғаған бір топ солтүстікқазақстандыққа білім ордасының 80 жылдығына орай шығарылған мерекелік медальдарды табыс етті.

ТАРИФТІ ӨСІРУГЕ ӨТІНІШ БІЛДІРІЛДІ

Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің облыстық департаменті кезекті қоғамдық тыңдау ұйымдастырып, онда өңірімізге электр жарығын тарататын және жылумен жабдықтайтын кәсіпорындардың өтініштерін қарады. Монополиялық субъектілер тұтынушылар төлемдерін өсіруді көздейді. Департамент олардың өтініштерін зерттеп, пайымдап, қоғамдық пікірмен санасып, мәселенің тоқетерін үстіміздегі жылдың қараша айының соңына дейін айтуға тиіс. Бұл күнгі қоғамдық тыңдау сол жұмыстың бір тармағы болды.

ЖІГЕРЛІ ЖАНДАР

«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Петропавл оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болғанымызда қазаны бұрқ-сарқ қайнаған қызу еңбектің ортасына түстік. Бірі киім тігіп жатса, енді біреулері болашақ өнімді пішумен айналысуда. Әйтеуір, жұмыстан қолы босап отырған адамды көрмейсің. Қазір оқу-өндірістік кәсіпорнында 28 адам жұмыспен қамтылса, оның 22-сі мүмкіндігі шектеулі жандар екен.

ҚҰРАЛАЙДА СЕРПІЛІС БАР

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Лебяжье ауылдық округінен әрі ассаң – Ресей мемлекетінің шекарасы. Ол жердегі елді мекендердің тұрғындары облыс орталығынан гөрі Ресейдің Есілкөліне барып келгенді әлдеқайда ыңғайлы көреді. Өйткені, жолдың машақаты аз және сауда-саттық та тиімді. Жол демекші, құралайлықтар жолға әу бастан жарымаған. Ауыл Лебяжьеден 3 шақырым жерде ғана, яғни округ орталығының жазық жерінде тұрып қарасаң, …

ҚҰРАЛАЙДА СЕРПІЛІС БАР Read More »

АРДАГЕР АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ

Сенбі күні өңір басшысы Ерік Сұлтанов еңбек ардагері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Құдайберген Қалиевті қабылдап, жетпіс жасқа толуымен құттықтады. Аталмыш шараға облыстық ардагерлер кеңесінің басшылары мен белсенділері, облыс әкімі аппараты ардагерлері бастауыш ұйымының өкілдері, мерейтой иесінің әріптестері мен отбасы мүшелері қатысты.

АСПАННАН ЖАУҒАН ТАС ПА?..

Жолдың жыры ХХІ ғасырда да таусылмайтын сияқты. Жуырда ауылға барған сапарымызда оған тағы бір көз жеткіздік. Баратын жеріміз – Жамбыл ауданының Сәбит ауылы. Пресновкаға дейінгі тасжол тақтайдай тегіс болмаса да, жүруге болады. Одан әрі қарай жол Благовещенкаға тартады. Ол жолдың бертінде ғана жөнделгені бүгінде байқалмайды, әр жерінде ойықтар пайда бола бастаған.