«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Эпизоотиялық саулықты және тұрғындарды адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау бойынша ветеринариялық іс-шаралардың негізгі мақсаты ауыл шаруашылығы, үй, хайуанаттар бағы және басқа да құстар мен балықтардың, араларды қоса есептегенде, жануарлардың карантиндік және аса қауіпті аурулардың алдын алу мен жою бойынша іс-шараларды іске асыру болып табылады. Аталған іс-шараларды Солтүстік Қазақстан облысы аумағында өткізуді ұйымдастыру облыс аумағындағы мал, құс шаруашылығы нысандарының эпизоотиялық жағдайын талдау; эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізу үшін дәрілермен қамтамасыз ету; карантиндік ауруларды тіркеудің статистикалық есебін жүргізу; жануарлардың аурулығы мен өлімінің есебін ұйымдастыру және жүргізу; эпизоотияға қарсы іс-шаралардың жоспарларын орындауды, жануарлардың ауруларын алдын алу және жою бойынша іс-шараларды дұрыс ұйымдастыру мен өткізу; жануарлардың жаппай жұқпалы емес ауруларын алдын алу бойынша ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринарлық-санитарлық іс-шаралардың жоспарын жасау; жануарлардың инфекциялық, инвазиялық ауруларының алдын алу мен жою бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жолымен іске асырылады. Адам мен жануарларға ортақ аурулардан эпизоотиялық саулық пен тұрғындарды қорғауды қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шараларды өткізу ақысыз болып табылады.

Қазіргі уақытта тұрғындардың 65 пайызға жуығы қалаларда тұратынына қарамастан, ветеринарлық қызметтің маңызды міндеті, ең алдымен, ауылдық аудандарда ветеринарлық-санитарлық саулықты қамтамасыз ету болып қала береді. Аудандардағы ветеринарлық қызметті аудандық ветеринария бөлімі мен ауылдық округтердегі ветеринарлық бекеттері бар аудандық ветеринарлық станциялар және аудандық ветеринарлық зертханалар сияқты мемлекеттік ветеринарлық мекемелер қамтамасыз етеді.  

Соңғы жылдарда аудандардағы ветеринарлық станциялар мен ветеринарлық бекеттерді материалдық-техникалық жабдықтау өткізілді. Ветеринарлық алдын алу іс-шараларын өткізу үшін қажеттілердің барлығы бар: компьютерлер, құрал-жабдықтар, автокөліктер және т.с.с. Ветеринарлық мамандардың штаты толықтырылған.

Жұқпалы аурулардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Сол себептен тұрақты түрде аудандарда жұқпалы аурулардың шығуына мониторинг жүргізіледі, алдында сау болған бекеттерде аурудың пайда болу себептері анықталады. Жануарлардың жұқпалы аурулары анықталған жағдайда әрі қарай жайылмауы үшін аурудан сау емес бекеттер ашылады, оларға шұғыл түрде карантин немесе шаруашылық қызметке шектеу енгізіледі және сауықтыру іс-шаралары өткізіледі.

Ветеринариялық қызметтердің қолданып жатқан шаралары арқасында облыс аумағында тұрақты, сау эпизоотиялық жағдай сақталуда.

Қайырлы ҚАЗАНОВ,

 облыстық ветеринария басқармасы ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp