Қазақ деген өте дархан халықпыз,
Той жасаймыз несие де алып біз.
Барымызды қонақтарға ұсынып
Дорба-дорба жол жасаймыз салып біз.
Құдалыққа масайрап-ақ барамыз,
Құда болып жақындайды арамыз.
Дастарқаннан тоя жейміз той дәмін,
Ал қалғанын талапайлап аламыз.
Біреулер жүр туысы өліп қайғырып,
Екіншілер дәм бөледі жай күліп.
Табақтағы кесек етті боршалау
Болып алды қазағыма сай қылық.
Қойшыбай ШӘНИЕВ.