«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.10.2015

ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ – ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК

Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік – мемлекеттің маңызды мәселелерінің бірі. Өнеркәсіптік қауіпсіздік деген тіркес – қауіпті кәсіпорын нысандарының адамзат пен табиғатқа теріс әсер етпеуін қадағалау, қорғау деген ұғым. Бұл мақсатты жүзеге асырып отырған мекемелердің бірі – Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті. Осы орайда департамент басшысы Александр Иванищевті әңгімеге тартып, …

ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ – ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК Read More »

АСҚАН АСУ – ЕРТЕҢГЕ БАҒДАР

Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында жолаушылар көлігіне, автомобиль жолдарына, құрылыс жұмыстарына, энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына байланысты мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы жайында баспасөз мәслихаты өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Владимир Бубенко, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бейбіт Исманов, “СолҚазЭнерго” АҚ-ның бас директоры Леонид Ларичев қатысты.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТПЕК

Алдағы уақытта үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік қызметтің 34 түрін көрсететін болады. Бұл шешімді ел Үкіметі Швеция, Жапония сынды дамушы елдердің тәжірибесіне сүйене отырып қабылдаған. Мысалы, АҚШ-та 170 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысады екен.

БІЗДІҢ АУЫЛДАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ АЛАҢДАТПАЙДЫ

Әлемдік дағдарыс пен жаһандық нарықтың тырп еткізбес талабына бой ұсынбаған Президентіміз бен Үкіметіміз дамыған мемлекеттердің бас ауруына айналған жұмыссыздық мәселесін тиімді шешуде. Жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғын үйлер, жол салынып, жөнделуде. Бұл – біздің дамып, өркендеп жатқанымыздың белгісі. Ендеше біз дұрыс бағытты таңдаппыз. Көздеген мақсатымыз бен діттеген жоспарымызға қорықпай аяқ басуға болады.

СЫНҒА САЛАДЫ

“Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты туындаған жаңа жағдайда Қазақстан Үкіметі дағдарыстың алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылдады”, – деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Дүниежүзілік банктің Еуропа мен Орталық Азия (ЕОА) бойынша өңірлік басқармасының бас экономисі Ханс Тиммер. Спикер ЕОА аймағының шығыс бөлігі шикізат ресурстары, әсіресе, мұнай бағасының төмендеуінен үлкен зардап шеккенін, ал геосаяси тәуекелдер …

СЫНҒА САЛАДЫ Read More »

ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНҒАН ФАБРИКА

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов әскери киім тігетін фабрикада болып, өндіріс орнының жұмысымен және балалар киімінің жаңа үлгілерімен танысты. Бұрынғы “Комсомолка” тігін фабрикасы базасында 2012 жылы қайтадан құрылған серіктестік негізінен Қазақстанның Қарулы Күштеріне жорыққа және күнбе-күн киетін әскери киімдер тігумен айналысады. Олардың түрлері де сан алуан: жылы костюм, әскери қызметшілерге арналған жамылғы, пальто мен көйлек, десантшыларға, …

ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНҒАН ФАБРИКА Read More »