Қағаздарды кеңселік,
Кәмиссия тексеріп.
Қонақасын ішті де
Шықты бәрі теңселіп.
Қойдың басын жегесін,
Айту керек неге сын?
“Ойдағыдай бәрі” – деп
Берді баға, кеңесін.
Түсінген жанға досым-ай,
Бүгін тәртіп осылай.
Кәмиссия дегенді
Қарсы алайық шошымай.
Қойшыбай ШӘНИЕВ.