«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТПЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алдағы уақытта үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік қызметтің 34 түрін көрсететін болады. Бұл шешімді ел Үкіметі Швеция, Жапония сынды дамушы елдердің тәжірибесіне сүйене отырып қабылдаған. Мысалы, АҚШ-та 170 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысады екен.

– Егер ұйымдардың өкілеттілігі артса, олар ауру адамдарға қараумен, ардагерлер мен мүгедектерге, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсетумен айналысатын болады. Оларға ел қазынасынан немесе басқа қорлардан қаражат бөлінеді, – дейді қалалық мәслихаттың депутаты Юрий Данилов.

Қоғамдық тыңдауға қатысқан жергілікті атқарушы орган өкілдері, азаматтық ұйымдардың жетекшілері мен “Нұр Отан” партиясының жергілікті белсенділері мемлекеттік қызмет көрсетуді қоғамдық ұйымдарға тапсыру жөнінде өз ұсыныстарын айтты.

– Тұрғындар мемлекеттік қызметтің үкіметтік емес ұйымдарға берілуіне қалай қарайды? Сондай-ақ, ұйым жетекшілері бұл жауапкершілікті өз мойындарына алып, қоғамның әлжуаз топтарына сапалы қызмет көрсете ала ма? Біз осы сауалдарды кеңінен талқылауымыз қажет. Осы орайда өздеріне артылған міндетті жауапкершілікпен орындайтын қоғамдық ұйымдарды іріктеп алып, олардың жетекшілерін біліктілікті арттыру курстарынан өткіземіз, – дейді “СҚО Азаматтық альянсы” ЗТБ төрағасы Сергей Худяков.

Берік ҚАСЕН,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp