«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АНАЛАР МЕКТЕБІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық перинаталдық орталық жанында он жылдан бері болашақ аналарға арналған арнайы мектеп жұмыс істейді. Онда акушер-гинекологтар, балалар дәрігері келіншектерге ана және бала күтімі, денсаулық мәселелері бойынша дәріс оқиды. Сонымен қатар, жас аналар дене жаттығуларын жасап, жүктілікті жеңілдетудің жолдарын үйренеді.

Облыстық перинаталдық орталықтың валеологы Людмила Ефимованың айтуынша, жас аналар үшін арнайы мамандардың ақыл-кеңесінің жүктілік кезінде де, босанғаннан кейін де пайдасы зор. Сондай-ақ, соңғы жылдары әріптестік босану үрдісі қалыптасуда. Биыл 58 ана жауапты сәтте жақындарының осындай қамқорлығын көріпті. Жыл басынан бері 200 жүкті әйел дәрігерлер көмегіне жүгінді.  

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp