Облыс орталығындағы №1 қалалық емхананың оториноларинголог дәрігері Байжан Бейсекеев медицина саласында 40 жылдан астам уақыт еңбек етеді. Осы жылдар ішінде қаншама науқастың сырқатын емдеп, көпшіліктің алғысына бөленуде.
“Әрбір адам өз ісінің майталманы болу үшін мамандықты жүрек қалауымен таңдауы керек”, – дейді Байжан Рақымжанұлы. Бала күнінен дәрігер болуды армандаған ол бүгінгі күні ұзақ жылғы еңбек тәжірибесін жас мамандармен бөлісіп, ақыл-кеңесін айтып отырады. Қызметіне асығып келіп, үйіне қуанып қайтатын дәрігер абырой үдесінен көрінудің өзі үлкен мәртебе екенін ізбасарларына да үйретуде.
СУРЕТТЕ: Байжан БЕЙСЕКЕЕВ.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.