Ғалымдардың айтуынша, судың пайдасы өте зор. Су адамның өмір жасын ұзартатын қасиетке ие. Оның құрамындағы заттар ағзадағы қалдықтарды сыртқа шығарып, тазартады. Мұнымен қатар, зат алмасу процесін ретке келтіріп, денеге пайдалы заттардың тез сіңірілуін қамтамасыз етеді.
Таңертеңгілік ұйқыдан оянғанда бір стакан су ішу асқазан жұмысын жақсартып, түрлі аурулардың алдын алуға көмектесетінін дәрігерлер де жоққа шығармайды.