«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӘУҚАРАЛЫҚТАР ДАБЫЛ ҚАҚҚАН жол учаскесі жөнделді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Солтүстік Қазақстан” газетінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі санында жарияланған “Атақты ақын ауылында” атты мақалада Айыртау ауданындағы Дәуқара ауылынан Саумалкөл ауылына қарай шығатын автомобиль жолының жылда көктемде еріген қар суы жиналатын тұсының опырылып түсу қаупі бар екендігі жайлы тұрғындардың алаңдаушылық білдіргендігі жазылған болатын. Осыған орай біз Айыртау ауданының әкімі А. Тастеміровтің атына хат жолдап, тиісті шара қолдануын өтінген едік. Жақында оның орынбасары Қ.Досымбеков қол қойған төмендегі жауапты алдық:

“2015 жылдың қазан айында “Айыртау-Су” ШЖҚ МКК және “Жарқын СК” ЖШС, “Сүлейменов Ж.К.” ЖК бірлесе отырып, аудандық маңыздағы КТ-65 “Арықбалық – Саумалкөл – Сырымбет – Қарақамыс – Светлое” автомобиль жолының 93 километріндегі Сырымбет ауылдық округінің Дәуқара ауылына кіреберістегі жол учаскесінің шеттерін грейдерлеп, тегістеу жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі уақытта жұмыс аяқталды, аталған жол учаскесі қанағаттанарлық жағдайда”.

Қ. ДОСЫМБЕКОВ,  

Айыртау ауданы әкімінің орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp