«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ БАЛАНЫ ҚҰТҚАРҒАН КЕЛІНШЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазанның 26-сы күні таңертең №16 өрт сөндіру бекетінің байланыс пультіне Чистополье ауылындағы үйлердің бірінде өрт шыққандығы туралы хабар келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер пәтердегі бөлмелердің бірі өртке оранып жатқанын анықтап, дереу ширақ қимылға кірісті. Куәгерлердің айтуынша, үйде балалар болған. Ал кейін анықталғандай, өртті пәтер иесінің көршісі Илона Крутикова алғашқылардың бірі болып байқаған. Ол бірден түтіндеп жатқан үйден 2 және 4 жастағы балаларды алып шыққан. Кейін сол үйге қайта кіріп, газ баллонын сыртқа шығарып, өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалған. Ал өртсөндірушілер болса тілсіз жауды ауыздықтап, оның өршіп кетуіне жол бермеді. Осылайша көршінің қырағылығы мен ержүректілігінің арқасында екі бала ажал аузынан аман қалды.

Әмір БЕКШІНТАЕВ,

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ТЖБ басшысы,

өртке қарсы қызмет подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp