«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУЫҚПЕН ЖЕТЕТІН СЫРҚАТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тұмау ауруының асқынатын уақыты – қыс мезгілі. Күн суытқаннан бері біздің өңірімізде де тұмауратқандар саны көбеюде. Қазақстанда жыл сайын эпидемиологиялық кезеңде жұқпалы респираторлық вирустық инфекциямен (ЖРВИ) және тұмаумен 800 мыңнан астам адам ауырады. Олардың саны артқан сайын тұмаудың асқынуы да өршиді. Жылы киініп, дәруменді тағамдармен қоректеніп жүргендер ауруға бой алдырмайды.

Тұмаудың алғашқы белгілері – мұрынның бітелуі және тамақтың жыбырлауы. Осыған байланысты жасушалардан шыққаннан кейін кейбір вирустар қанға өтеді және қанмен бірге әрі қарай бүкіл ағзаға таралады. Және де қан тамырларын, ішкі органдарды зақымдайды. Тұмау вирусы адам ағзасының иммунитетін төмендетеді. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан бастап, 2-3 күнге дейін созылады. Дене қызуының 40 градусқа дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, көз қарығу, буынның және бұлшық еттің, бастың және тамақтың ауыруы, жөтелу, мұрынның бітелуі аурудың негізгі белгілері болып табылады.  

Тұмаудың асқынуларына құлақ, тамақ, мұрын аурулары, жүйке жүйесіне байланысты асқынулар, сондай-ақ, созылмалы аурулардың: жүрек-қан тамыры, өкпе, бронх тарапынан, қант диабеті және эндокриндік жүйенің, басқа да ауруларының өршуі жатады. Екі жасқа дейінгі балаларда, созылмалы аурулары бар және жасы ұлғайған адамдарда тұмау ауыр түрде өтеді. Ерекше қауіптілік тобына жүкті әйелдер де жатады. ЖРВИ және тұмау жүкті әйелдердің иммунды және эндокриндік жүйесін де бұзуы мүмкін. Мұндай жағдайда жүкті әйелдерде әлсіздік пайда болып, ұйқысы бұзылады және созылмалы аурулары өршиді. Әдетте жүкті әйелдер тұмауға шалдыққан кезде балада қан айналымы баяулап, осыған сәйкес бала жолдасы арқылы ұрық ағзасына оттегі аз беріледі. Жүкті әйелдердің тұмаумен ауыруы жүктіліктің 12 аптасына дейін, яғни ұрықтың органдары мен тіндері қалыптасатын кезде өте қауіпті.

Балалар мен жүкті әйелдерді емдеу тек дәрігердің тағайындауы бойынша және бақылауымен жүргізілуі керек. Тұмаудың алғашқы белгілері пайда болғанда дәрігерді үйге шақырған жөн. Осы ретте дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сырқаттануды, асқынуларды және өлім-жітімді азайтудың, халықты тұмаудан қорғаудың жалғыз және тиімді жолы тұмауға қарсы вакцинациялау екендігін дәлелдеп отырғанын айта кетсек, артық болмас.

Ғалымжан УПТИЯРОВ,

Петропавл қалалық №3 емхананың

терапевт дәрігері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp