«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЛДАУМЕН ҚОЛЫ ҰЗАРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Ауылда өмір сүретіндер үшін қандай тиімді іс бар?” – деген сауалмен Роза Смағұлова кәсіпкерлікті қолдау орталығынан кеңес алуға келді.

Жамбыл ауданының тұрғыны Роза Қабдоллақызының қосалқы шаруашылығында мал басын көбейту ойы бұрыннан болатын, бірақ оған қаржы тапшылығы мұрша бермей келді. Банктердің несиесіне сүйенейін десе, ондағы сыйақы көлемі шошындырады. Осылайша екі ойлы болып жүрген тұрғынға кәсіпкерлікті қолдау орталығының мамандары жол тауып берді. Ол “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша бес жылға 6 пайызбен несие алуды ұйғарды. Оның жеке кәсіпкерлік құжаттарын дайындауға орталықтың мамандары көмектесті. Кәсіпкер “Бизнес-кеңесші” бағдарламасы бойынша екі күндік семинарға қатысып, біліктілігін жетілдіріп қайтты.

Үстіміздегі жылдың шілде айында қолына 2 миллион теңге несие қарызы тиген кәсіпкер 7 бас сиыр мен 30 бас қой сатып алды. Ол ет және сүт өндірумен айналыспақ.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp