«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 23.11.2015

ЖЕГЕНІ ЖЕЛКЕСІНЕН ШЫҚТЫ

Үстіміздегі жылдың сәуір айының аяғында Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімінің басшысы Айбас Нұртазинге А. есімді азамат жолығып, жеке кәсіпкердің салық берешегінің бар-жоғын біліп беруді сұрайды. Мұндай өтінішті орындау оған ешқандай қиындық тудырмаса керек. Ол жеке кәсіпкердің 2009 жылдан бергі жарамсыз “Тойота Ланд Крузер” маркалы көлік құралы үшін 1046000 теңге салық төлегенін айтады. Одан …

ЖЕГЕНІ ЖЕЛКЕСІНЕН ШЫҚТЫ Read More »

АРТЕМ ТОП ЖАРДЫ

Бельгия мемлекетінде ұйымдастырылған “International Belgian Open” сайыста халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жерлесіміз Артем Захаров 4 шақырымдық жекелей сында бірінші болды. Осылайша спортшы өз қоржынын кезеңдік 80 ұпаймен толықтырып, 2016 жылы өтетін Олимпиада ойындарында бақ сынауға бір табан жақындады. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”.

ЖЕҢІСТЕН ДӘМЕЛІ

Алматы және Астана қалаларында әйелдер арасында волейболдан жоғары лига ойындарының бірінші туры аяқталды. Аталмыш сайыста жерлес волейболшыларымыз жүлделі орынға ие болды. “А” жоғары лигасының бірінші турында “Алматиночка” құрамасы бірінші орынды иеленді, олар мүмкін болған 15 ұпайдың 14-ін жинады. Екінші орынға еншісінде 11 ұпайы бар “Қостанай”, ал үшінші орынға дәл осындай ұпай жинаған, алайда қосымша көрсеткіштер …

ЖЕҢІСТЕН ДӘМЕЛІ Read More »

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗГЕ СЕНІМ АРТАМЫЗ

Петропавлдық конькимен сырғанаушы Дмитрий Бабенко Канаданың Калгари қаласында өткен әлем кубогында 5000 метр қашықтықта бесінші орыннан көріне білді. Алдағы уақытта Дмитрий бірінші кезеңде 1000 метрге жүгіруде – үшінші, ал 500 метрлік спринтте бесінші орынға ие болған жерлесі Роман Кречпен бірге сайыстың екінші кезеңінде 1500 және 10000 метр қашықтықтарда сынға түсетін болады. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”.

АТА-АНАЛАР БЕЛСЕНДІ

Бескөл ауылындағы “Парасат” мектеп-лицейінде бастауыш сынып оқушыларының апталығы өтті. Шараның өтуіне оқушылармен бірге ата-аналар да белсене атсалысып, ашық сабақтарға, тренингтерге, спорттық сайыстарға қатысты. Апталықтың қорытындысы түрінде алынған “Зерттеушілер аралында” тренингі психологиялық ахуал туғызатын жаттығудан басталды. Содан соң ата-аналарға жемістердің суреттері таратылып, олар “Алмалар” мен “Алмұрттар” топтарын құрады. Осыдан кейін өмірдің ащы шындығы баяндалатын “Әке мен …

АТА-АНАЛАР БЕЛСЕНДІ Read More »

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ӘЛЕГІ ДЕ БАР

Әлеуметтік желідегі келеңсіздіктердің алдын алып, этносаралық түсініспеушілік туындамауын қатаң бақылауда ұстау қажет. Осы мақсатпен облыстық прокуратура мамандары жастармен кездесіп, ашық әңгіме алаңын ұйымдастыруда. Олардың айтуынша, жастар арасындағы түрлі кикілжің мен ұлтаралық дау-дамай әлеуметтік желіден бастау алатын көрінеді. Соңғы кездері әлеуметтік желі арқылы түрлі тақырыптағы фото, бейнеролик таратып, қоғамдық дау-дамай туғызатын жағдайлар жиі кездесуде. Осы орайда …

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ӘЛЕГІ ДЕ БАР Read More »

АУЫЛДА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

Ақжар ауданындағы Қулыкөл ауылында 90 орынға шақталған балабақшаның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ауылдың бүлдіршіндеріне шексіз қуаныш сыйлаған “Балапан” бөбекжай-балабақшасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған “Балапан” мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерді.

ЖҮРЕГІНІҢ ТҮБІНЕ ТЕРЕҢ БОЙЛАП…

Бес солтүстікқазақстандық оқушы “Өзін-өзі тану” пәні бойынша өткен республикалық олимпиададан жүлдемен оралды. Алматыда өткен байқауда өңір намысын Петропавлдағы және аудандық мектептердің оқушылары қорғады. Жеңіспен оралғандардың бірі – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 7-сынып оқушысы Іңкәр Ермек. Ол бірінші орынға ие болды.

ЕКЕУІ ДЕ АЙЫПТЫ

Аққайың ауданындағы Шағалалы ауылының тұрғыны учаскелік инспекторға қаруын ұрлатып алғаны жөнінде шағымданған. Жедел-іздестіру шаралары барысында 37 жастағы азамат ұсталды. Бүгінгі күні ол уақытша ұстау оқшаулағышында отыр. Оның үстінен “Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру, не қорқытып алу” бабы бойынша іс қозғалды. Оның қылмысы дәлелденсе, тиісті жазасын алатыны сөзсіз. Сол сияқты, атыс құралын сақтауға …

ЕКЕУІ ДЕ АЙЫПТЫ Read More »

ТАҒАМЫМЫЗ ТІЛ ҮЙІРЕДІ

Аспаздық өнердің ішінде грузин асханасының алар орны ерекше. Бұлай дейтін себебіміз, тағамдарының тіл үйірер дәмі мен өзге асханаларында қайталанбайтын ерекше қасиетін айтуға болады. Негізгі тағамдарына қой етінен жасалатын мужужи, чанахи, сиыр етінен харчо және үй тауығынан немесе күркетауық етінен дайындалатын чахохбилиді атауға болады. Көкөністен дайындалатын тағамдардың басым бөлігі үрмебұршақ, баялды, түсті қырыққабат, қызылша, қызанақ өнімдерінен …

ТАҒАМЫМЫЗ ТІЛ ҮЙІРЕДІ Read More »

ЖАСТАР ЖАҢЫЛЫСПАСЫН ДЕП…

Облыс орталығындағы “Қызылжар” орталық мешітінде өңір жастарының қатысуымен іс-шара өтті. Мұсылманның шынайы келбеті, олардың қоғамдағы орны жайында сөз болған отырыс барысында мешіттің наиб-имамы Қасымхан Исаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұғырнамасын жан-жақты түсіндірсе, мешіттің жанынан ашылған жастар ісі бөлімінің жетекшісі Аян Алыпқашев қазақ халқының әдет-ғұрыптары ислам діні қағидаларымен сәйкес, біте қайнасқан тұрмысы жайында әңгіме қозғады. Шара …

ЖАСТАР ЖАҢЫЛЫСПАСЫН ДЕП… Read More »

МҮЛІККЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ТАНУ

Мүлікке меншік құқығын тану үшін оның алғаш тұрғызылған немесе алдында біреуге тиесілі екендігін анықтау қажет. Жалпы ереже бойынша затты бірінші болып жасаған адам меншік құқығын алады. Бастысы – затты жасау заңмен тыйым салынбаса болғаны. Мысалға, адам өзіне үй салып жатыр. Ол құрылыс материалдарын сатып алады, балшық дайындайды, қабырғасын көтереді, шатырын жабады және инженерлік коммуникацияларды қосады. …

МҮЛІККЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ТАНУ Read More »

АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМ

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың “Үш бақытым” деген өлеңі бар. Қазақ әдебиетінен хабары барлар бұл өлеңді жақсы біледі. Адамды ұлт ретінде бақытты ететін үш құндылық – халық, тіл, Отан туралы өте жақсы жырлаған. “Ең бірінші бақытым – халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің”, …

АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМ Read More »

ДІЛІНЕ БЕРІК, МІНДЕТІНЕ АДАЛ

Сұхбатымыз ресми тілде басталды. Кейде қазақтардың өзімен аталмыш тілде сөйлесіп жүргендіктен, үйренген ауыз Рашид Алиевке де сұрақтарды орысша төпеледі. Әңгімеміздің орта тұсына келгенде ол ойын қазақша айтқанда ғана: “Сіз қазақ тілін білесіз бе?” деген жоспарда жоқ сұрақ қойдым. – Әрине, мен Өзбекстанның Ферғана қаласында тусам да, ата-анам 1990 жылы Қазақстанның Жамбыл облысындағы Шу қаласына көшіп …

ДІЛІНЕ БЕРІК, МІНДЕТІНЕ АДАЛ Read More »

ҚЫЛМЫСТЫ ҚҰРЫҚТАУДА БІРЛЕСУДІҢ БЕРЕРІ КӨП

Өңіріміздің тәртіп сақшылары көршілес Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары қызметкерлерімен достық қарым-қатынаста, бірігіп жұмыс істеп келеді. Соның бір дәлелі – Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаево қаласында өткен облыстық ішкі істер департаменті мен Ресей Федерациясының Қорған, Омбы және Түмен облыстарының ішкі істер министрліктерінің үйлестіру тобының отырысы. Өңіріміздің және Ресей Федерациясы облыстарының тәртіп сақшылары бас қосқан …

ҚЫЛМЫСТЫ ҚҰРЫҚТАУДА БІРЛЕСУДІҢ БЕРЕРІ КӨП Read More »

БАҚЫТЫН ТАПҚАН ЕҢБЕКТЕН

Жақында металл өңдейтін жабдықтарды жөндеумен айналысатын “Сафокл-север WM” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Гүлшат Шәкіровамен танысып, әңгімелескен едік. Ерлерше еңбек етіп жүрген әйел басшының өндірісті ұйымдастыруы, жаңашылдығы кімге де болсын үлгі етерліктей.

ЖАҢА ЖАҒДАЙҒА БЕЙІМДЕЛУ – БАСТЫ ТАЛАП

Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму, индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру, сондай-ақ, “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ-ны трансформациялау жөніндегі тапсырмалардың орындалуының қорытындылары қарастырылды. Мемлекет басшысы қалыптасқан экономикалық жағдайда оған бейімделуге және әрі қарай дамуға қажетті мүмкіндіктерді табу маңызды екенін атап өтті.