«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 01.12.2015

ӨМІРІМІЗ ГҮЛДІ, ӨҢІМІЗ НҰРЛЫ

Ежелден ел-жұрттан ақыл-парасаты оқ бойы озық, көргені жақсы, пайымы мол игілері мен жақсыларын ардақтай білген ұлтпыз ғой. Бізге әлімсақтан бері үлкенді сыйлауды өзге бір ұлттар үйреткен емес, бұл өзіміздің есте жоқ ескі күндерден бері қанымызға сіңген, ұлттық ділімізге табиғат дарытқан қасиетімізден келе жатқан дәстүр. Сондықтан Елбасымызды ардақтауда да осы дәстүрден жаңылмаймыз. Көптің бірі өзім де …

ӨМІРІМІЗ ГҮЛДІ, ӨҢІМІЗ НҰРЛЫ Read More »

ШАТТЫҚ ШАҢЫРАҒЫ

Дүниежүзіндегі көпұлтты мемлекеттердің қайсысында болсын оның тұтастығының, азаматтарының алаңсыз тұрмысының кепілі – этностардың рухани келісімі. Демек, біздің мемлекетіміздің де берік іргетасының негізі – ұлттардың тату-тәтті тұрмысы, толеранттығы. Осындай бірлік пен ынтымақтың қазақстандық үлгісін әлем жұртшылығы танып, біліп отыр.

ШАРАПАТЫ ЖАДЫМЫЗДА

«Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады», – деп егемен еліміздің елең-алаңында-ақ Қазақстанның алдында тұрған зор мақсаттарды айқындаған Нұрсұлтан Назарбаев дағдарыстың шеңгелі құрсаулаған қиын күндерде де айнымас, адастырмас жолды тапты, Тәуелсіздіктің туын биік асқақтатты.

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылы кезекті бір жұмыс сапарымен біздің облысқа келді. Қуанышымызға орай Мемлекет басшысы біздің ұжымға да соқты. Ал бұл – менің өмірімдегі ерекше есте қалатын жарқын сәттердің бірі.

ЖЫЛЫ ЛЕБІЗДЕР

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлем көшбасшыларына ядролық қауіпсіздік пен ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша үлгі бола алады. Қазақстан бүгін әлемге ядролық қарудан бас тарта отырып, қауіпсіздік пен экономикалық өсімді қамтамасыз етудің озық үлгісін көрсетті. Барак Обама, АҚШ Президенті.

МАҚТАН ЕТЕМІН

Қазір ойланып отырсам, өзімді басқа елдің азаматы ретінде көзіме де елестете алмайды екенмін. “Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық” деген осындай болатын шығар. Мен түгіл, Қырғызстанда туған ағам Бекмырза да қазақ жерінен тысқары кеткісі келмейді. Себебі, біз ес білгелі бері осы елді Отанымыз деп қабылдадық. Жыл сайын ата-анамызбен Қырғызстандағы туыстарымызға қонаққа барамыз. Алайда, …

МАҚТАН ЕТЕМІН Read More »

АРДАҚТЫ “АҚ ҮЙІМІЗ”

Еліміздегі ең ардақты тарихи ескерткіштердің қатарынан орын алған Петропавлдағы “Абылай ханның резиденциясы” мұражай-кешенінің “өліп, тірілгендей” шежіресі шымбайымызға бататынды. Қазақтың ұлы ханының кесенесі, тарихи деректерде дәйектелгендей, 1829 жылы бой көтерген екен. Халқымыз “Абылайдың Ақ үйі” деп ардақ тұтып, тәу еткен кесененің келе-келе қадірі кетіп, өткен ғасырдың сексенінші жылдары мұнда ағаш тілетін шеберхана орналасып, көр-жерді сақтайтын қоймаға …

АРДАҚТЫ “АҚ ҮЙІМІЗ” Read More »

ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН…

Өткенін айтпағанда, бергі бір ғасырға таяу уақыт бойы тізгіні өзгенің қолында болып келген Қазақ елі 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз мемлекет, егемен ел атанды. Ұлық пен жасықты, шындық пен жалғанды таразыға салып, екшейтін тағылымды тарихтан белгілі болғандай, азаттық алған елдердің бәрі бірдей бірден даңғыл жолға түсіп, көшін алға оздыра бермейді. Бүгінгідей жаһандану кезеңінде жас мемлекеттің …

ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН… Read More »

УАҚЫТ ТУДЫРҒАН ТҰЛҒА

Петропавл қаласының құрметті азаматы Степан Башкиров 20 қарашада 90 жасқа толды. Тың, сөзі нық. Сырт тұлғасына, жүріс-тұрысына қарап тоғыз белесті еңсерді деуге қимайсың. Әлі күнге дейін саламатты өмір салтын серік етіп, спортпен айналысудан, қоғамдық кездесу-жиындардан қала қоймаған. Біз сұхбаттасымызды әңгімеге тартып едік, шешіліп сала берді. – Степан Федорович, жалғыз тұрады екенсіз? Ауыр соғып жүрген жоқ …

УАҚЫТ ТУДЫРҒАН ТҰЛҒА Read More »

ЕЛДІҢ ЕҢСЕСІН ТҮСІРМЕУГЕ ТИІСПІЗ

Қазақстандық қоғам “Көрпесіне қарай көсілуді” үйренуі керек. Бұрыңғыдай бюджеттік қаржыны оңды-солды шашып, кәсібі тұраласа, мемлекетке иек артып, алақан жаятын кез өтті, кетті. Бәсекеге қабілеттілер өзінің де, халықтың да, мемлекеттің де әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға атсалысуы керек болса, нарықтың талабынан шыға алмағандарды демеуге ел қазынасынан бір тиын да бөлінбеуі тиіс. Себебі, кәсіпорындар өз бетінше өмір сүріп үйренуі …

ЕЛДІҢ ЕҢСЕСІН ТҮСІРМЕУГЕ ТИІСПІЗ Read More »

СЕНІМІМІЗДІ ЕСЕЛЕЙ ТҮСТІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы жылғы “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Жолдауын өңіріміздің мәдениет саласының бір топ қызметкерлері тікелей эфир арқылы Сәбит Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада тыңдады. Олармен бірге біз де болашаққа бағдар беріп, келешекке сенім ұялатар тарихи маңызы зор құжатта айтылған тың ойларды көкейімізге түйіп қайттық. Мәдениет қызметкерлері …

СЕНІМІМІЗДІ ЕСЕЛЕЙ ТҮСТІ Read More »

ҰЛТЫНА АДАЛ, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Облыс орталығындағы Жастар сарайында Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті. Алдымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіне артылған сенімді ақтауда қиын да сындарлы кезеңдердегі ішкі ойтолғанысын баяндаған бейнефильмдерден үзінділер көрсетілді. Осы арқылы Қазақстанның дамуы соқпақ жолдың талай тезінен өткенін тағы бір еске түсірген солтүстікқазақстандықтарды облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан оның бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров құттықтап:

БЕКЕР МАЛ ШАШПАЙЫҚ!

– Президент халқымызға Жолдауын дер кезінде арнады. Неліктен? Өйткені, жаһанды дағдарыс жайлап барады. 90-шы жылдары Қазақстан үлкен сынақтарды өткерді. Сол кезде жас мемлекетіміздің қандай күрделі жағдайларға тап болғаны әрбір тұрғынның жадында: қазынамыз бос, ақшамыз жоқ, сусыз, жарықсыз, жылусыз қалдық. Міне, осындай аса қиын жағдайларға төтеп бердік. Ал бүгіндері қорымыз да, алтынымыз да, мұнайымыз да бар, …

БЕКЕР МАЛ ШАШПАЙЫҚ! Read More »

ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕЛЕСІ БЕЛГІЛЕНДІ

Бүгінде Қазақстан жер-жаһанға танылды. Елде тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық орнаған. Осының барлығы – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының жемісі. Ол Қазақстанды Мәңгілік Ел етуді айқын мақсат етіп қойып отыр. Бұл жайында Мемлекет басшысы “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Жолдауында да айтты. Онда Елбасы жаһандық экономикалық дағдарысты ескере отырып, …

ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БЕЛЕСІ БЕЛГІЛЕНДІ Read More »

ЖАСТАРДЫ ЖІГЕРЛЕНДІРДІ

Облыстық жастар бастамалары орталығының директоры Тимур Жұманов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын өңіріміздің белсенді жастарымен бірге тыңдады. Осы орайда онымен әңгімелесудің сәті түскен еді. – Тимур, Елбасының кезекті Жолдауын өзіңіз бастаған өңір жастары қалай қабылдады?

“ЕРДІҢ ЖҮГІН АРҚАҒА АРТЫП АЛЫП”

Ұлы Отан соғысының және педагогикалық қызметтің ардагері, бұл күні облыс орталығындағы “Береке” шағынауданында майдангер ретінде берілген үйде 67 жыл отасқан Қайша Сағындыққызымен түтін түтетіп жатқан, 10 баласынан 25 немере, 16 шөбере сүйіп отырған, желтоқсан айының басында 90 жасқа келетін Қожатай Некібаев Елбасының кезекті Жолдауын отбасы – ошақ қасында кенже ұлы Бағдатпен, қала іргесіндегі Архангельское ауылынан …

“ЕРДІҢ ЖҮГІН АРҚАҒА АРТЫП АЛЫП” Read More »

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

  Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар! Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі …

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Read More »

Мерекелік құттықтау

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын! Осынау шын мәніндегі айрықша мереке халқымыздың топтасқандығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жоғары сенімін бейнелейді. Халық таңдауы тәуелсіздігіміздің қалыптасуының барысын айқындап, Қазақстанның өркендеуші мемлекеттің жолымен сеніммен алға басуының берік негізін қалады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел басқаруды аса күрделі жағдайда …

Мерекелік құттықтау Read More »