ТӨЛ ТЕАТРЫМЫЗҒА – 15 ЖЫЛ
“Мәдениетті қолдау жылы” деп жарияланған 2000 жылдың 15 маусымында Қызылжар өңірінде мәдени маңызы зор оқиға болды. С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры бой көтеріп, тұсаукесеріне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы қатысқанын көзі қарақты солтүстікқазақстандықтар әлі ұмыта қойған жоқ. Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы өнер университетінің бір топ түлектері негізін құрған өнер ордасы өзінің 15 жылдық мерейтойын …