ЖАҢАШЫЛДЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сот жүйесі жұмысындағы басым бағыт” тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті. Аталмыш соттың судьясы Дамир Омаров “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында жүргізіліп жатқан сот жүйесіндегі өзгерістерге тоқталды. Судьялыққа кандидаттарды іріктеу талаптарының күшейгендігін, 5 жылдық тәжірибенің болуын, үміткердің кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық …